Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша екінші рет Құранды жатқа оқу жарысы өз мәресіне жетті. Байқауға 38 ұл бала, 7 қыз шәкірт қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мақұлдауымен аудандық бас мешіт ұйымдастырған шара Дардамты ауылдық мешітінде өтті. Жастарды имандылыққа баулитын іс-шара қоғамның көз алдында ашық әрі әділ болды. «Отанды сүю иманнан» деген. Бүгінгі бала – елдің ертеңгі иесі. Оларға білімді, әдепті, отаншыл болып өсу – басты парыз. Осындай үлкен мақсатты көздеген байқау көпшіліктің көңілінен шықты. Қазылық еткен имамдар: Абдулла Нуриддин қари, Галимов Шухрат қари және заңгер Дәулетияр Сағитжан. Қазылар шәкірттердің құранды аспай-саспай жатқа оқуын, Құранның ішкі мәнерін сақтауын қадағалап, бақылап отырып өз бағаларын берді.
Құрандағы жарты параны (шамамен он бет) қырағатымен әуендетіп жатқа оқу бойынша
1-орынды Майданов Закария, 2-орынды Тохтасунов Абдурахим, 3-орынды Аметиов Хамид иеленді.
Құранның соңғы отызыншы парасын (жиырма бет) толық оқу жарысы бойынша:
1-орын Ярмухаметов Нурифатқа, 2-орын Аметов Хакимге, 3-орын Якубов Мухаммадқа бұйырды.
Қыздар арасындағы байқауда:
1-орынды Авакирова Фатима, 2-орынды Меримова Мариям, 3-орынды Якубова Халима алды.
Шәкірттерімізге толағай табыстар тілейміз. Иманды ұрпақтарымыз көбейе берсін!