Құрбан айт мерекесі құтты болсын, ағайын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын, ағайын!

Бұл мереке – ғасырлар бойы халықтың бірлігін нығайтып, ең жоғары адамгершілік құндылықтар – жақсылық, жанашырлық пен мейірімділікті бейнелейді. Ертең басталар  Құрбан айт – халқы-мыздың ең бай рухани мұрасының ажырамас бөлігі, ол ең бейбіт діндердің бірі – исламға тән шынайы жасампаздық пен рухани жаңару негіздерін қамтиды.

Айт мерекесі бізге күш пен шабыт сыйлап, игі істер мен іс-әрекеттерге баулып, әр үй мен отбасына қуаныш пен үміт сыйласын. Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық пен құт-береке тілейміз!

Зулхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.

Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей.

Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген отандастырымыздың қажылығы қабыл болғай. Әмин!

 

05.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13845
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28924
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27589
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31101