Құрметті атақтарымыздың құрметін төмендетпейік!

Құрметті   атақтарымыздың құрметін   төмендетпейік!

Халқымыздың өмір белсенділігін арттыру, жаңа заманымыздың баяны ағымына бейімделіп, қоғам дамуына өзіндік үлесі мен жауапкершілігін көтеру мақсатында еңбек майданының түрлі салаларында тағайындалған құрметті атақтар бар екені оқырманға белгілі. Оларға қол жеткізу кім-кімге де зор абырой, яғни бұл атақтардың мотивациялық     әлеуеті де жоғары.

Кеңес заманында жекелеген адамдарға олардың еңбек көрсеткіштеріне, қолжеткен межелеріне орай берілетін түрлі құрметті атақтар белгілі жүйемен ұтымды пайдаланылды, ресми ережелері болған болуы керек, соған сәйкес түрлі сатылары да қалыптасты.  Сонысымен де олар өте құнды саналды. Мәселен республикамызда «Білім беру саласының үздігінен» кейін «Қазақстанға Еңбегі сіңген мұғалім», одан әрі «КСРО халық мұғалімі» дегендей немесе – еңбегі сіңген әртістен жоғары халық әртісі, одан жоғары – КСРО халық әртісі т.б. Мұғалімдер қауымы арасында біз білетін Еңбегі сіңген мұғалімдер – Аманғали Асыләлиев, Хамидолла Наубетов, Үмбет Бисалиев, Қабдел Жұмағазиев, Ескендір Чакликов, Мұханғазы Сиранов, Ғилымғали Жәңгіров, Шәміш Сүлейменов тағы басқалар қолжетпес тұлғалар көрінетін. Мұндай мысалдар қай саладада баршылық қой. Қайсыбір министрліктердің өз саласы еңбекшілеріне арналған «Республикалық Құрметті құрылысшы», «Құрметті теміржолшы», «Первооткрыватель недр СССР» т.б. атақтар болды, біразы кәзір де бар. Бұлардан басқа кей қоғамдық қауымдастықтар да өздерінің құрметті атақтары мен төсбелгілерін тағайындап жүр. Мұның бәрі құптарлық, тек науқаншылыққа, таныс-жолдастыққа айналдырмай, яғни олардың бәсін төмендетпей, керісінше маңызын арттырып пайдалану туралы жазылып отырған мақала ғой. Олай деуге себеп – елімізде әлі ресми тағайындалмаған, ережесі жоқ, сондықтан берілу тәртібі де белгісіз атақтарды тапсыру белең алып келеді. Мысалы бір азаматқа екі жыл қатарынан екі рет бір атақ берілгені туралы жазылды және соңғысын әлі жоқ атақ атымен тапсырған. Немесе республика көлемінде 100-ден аса адамды жинап бәріне «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атты төсбелгісі мен куәлік тапсырған екен. Түрлі қоғамдық бірлестіктер мен кәзір бой көтеріп отырған орталықтар, одақтар, қорлар сынды  салалық мекеме, ұйымдардың өздері де                                                                                     «Республиканың Құрметті азаматы» атағын беріп жатыр. Меніңше, бұл дұрыс емес, құрметті атақтың әлеуетін төмендету, құрметіне нұқсан жасау деп білемін. Оқырманымыздың дұрыс түсінуін сұраймын, әңгіме атақ алғандардың атқарып отырған қызмет дәрежесінде емес, олардың ішінде лайықты адамдар бар ғой, бірақ – әңгіме еліміздің мәселен, үздік (не құрметті) тәрбиешісі, не блогер атақтары емес, бүкіл  республиканың Құрметті Азаматы атағы туралы болып отыр, яғни бұл түрлі салалық бірлестіктер мен орталықтар емес, тіпті министрліктер беретін атақ та емес, жалпы Отандық дәрежедегі атақ қой. Мұны кемінде Үкімет, не Парламент, не Президент жанындағы кеңестер мен    комиссиялардың бірінің ұсынысымен берілетін дәреже деп білемін. Екінші жағынан әлі елімізде тіпті тағайындалмаған атақпен азаматтармызды алдап отырғандығымыз боп шығады. Бұндай жағдайдың орын алу себебі кей бизнес өкілдері өздері түрлі төсбелгілер шығарып тарататындығында болуы мүмкін деп ойлаймын. Тапсырылып жатқан атақтар, мүмкін, сол сатылатын төсбелгілер де болар. Қайдан болса да, осындай құрметті атақтарымыздың мәртебесі төмендемеуі керек, мұнда белгілі бір жүйе болғаны дұрыс дегім келеді. 

 

Қ.Ризуанов
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 85
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 605
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 722
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 644

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8781
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394