Сарысудың киелі топырағынан күш-қуат алған ер Маралтай, ақын Маралтай, аға Маралтай!

Сарысудың киелі топырағынан күш-қуат алған  ер Маралтай, ақын Маралтай, аға Маралтай!
Бүгін туған топырағында, алқалы жұрттың алдында түбі бір Тұранның тарпаңы, ақын Маралтай Райымбекұлы «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын дария көңіл кеудесіне тақты.
Туған өңіріңіз табыстаған мәртебелі атағыңыз құтты болсын, Сарысудың киелі топырағынан күш-қуат алып, «Ай астындағы Кентавр» атанған ер Маралтай, ақын Маралтай, аға Маралтай!
Қалқан тесер, сауыт бұзар найзағай жырдың наркескен иесі, қасиетті Әулиеата жерінің шын жанашыры, тілеуқоры Маралтай ағамызға алдағы белестердің биігін бағындырып, кестелі жырлары жүрек төріне шыға берсін деп тілейміз!
Аман жүріңіз, аға!
Берік ағам айтпақшы, Құрметті атағыңыз өзіңізге, өзіңіз Құрметті атаққа лайықты болдыңыз!
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
24.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5002
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5168
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20123
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18768
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22224