Құрметті газет ұжымы!

Құрметті  газет ұжымы!

Алаш аманатын абыроймен арқалап, кешегіні саралап, бүгінгіге ой тастап, болашаққа бағдар беріп отырған, ұлт үнпарағына айналған «Qazaqstan dauiri»-нің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Ел егемендігі тарихын таңбалап, тәуелсіз мемлекеттің қоғамы мен ұрпағының санасын ғибратты ой мен салиқалы сараптама, мағыналы мысал мен өткір сын арқылы қалыптастырып келе жатқан өнегелі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін.

 Ұлт шежіресін тасқа қашаған басылымның дәуір тынысын бедерлеудегі тарихы да, тағылымы да теңдессіз. Басылымның тағылым биігінен үн қатқан ұлағаты  жалғасып, игілікті істері  ұлықтала берсін.  

 Сіздердің Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, заман талабына сай дамуына, еліміздің   өркендеуіне қосқан үлестеріңіз мол. 

 Басылымның басшысы Сәуле Мешітбайқызын ақпараттық қызметті халық алдындағы өмірлік борыш ретінде адалдықпен атқарған жан, тереңдік пен тектіліктің, ел үшін еңбек етудің үлгісі ретінде танимыз, көпке жол көрсетер Еланасы деп білеміз. Сәуле Мешітбайқызы  ана тілін, ұлттық мәдениет пен тарихты тереңінен зерделеуші, қазақтың тілін, ділін насихаттаушы  азамат ретінде басылымның мәні мен мағынасын тереңдетіп отырған басшы.  

Сіздердің Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз ел тарихында таңбаланып жазылып жатыр. Алда алар биіктеріңіз, шығар шыңдарыңыз әлі де мол.

 Игілікті істеріңізге табыс, шабыт тілеймін. Жазар ойларыңыз көп болсын.

Ақпарат ағынының алдында болуларыңызға тілектеспін.

 

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 26
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 13
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 969
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7021
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10865
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7087
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7228