Құрметті «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымы!

Құрметті «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымы!

Қазақстанның қай қиырына барса да, елі алақанына салып, сөзіне ұйып, басын иіп тұратын қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызын әулиеаталықтар ерекше мақтан тұтады. Әпкеміз «әр қазағым – жалғызым» деп соққан жүрегінің жетегінде жарғақ құлағы жастыққа тимей, үнемі халық ортасында жүреді.  Бірде жағдайын білейін деп телефон шалсам,  Атырауда бір жас отбасының шаңырағында болған қайғылы оқиғаны ойлап ұйқы көрмей, сол жаққа ұшқалы отыр екен. Өзгенің үйіндегі проблеманы өзінікіндей көріп, қалайша жәрдем етемін деп жанұшырғанына сонда таңғалғаным бар.

Бұл бір ғана мысал. Өзі басқарып отырған халықаралық  «Qazaqstan dauiri» газеті 30 жылдың бедерінде қоғамдағы талай түйткілді мәселенің оң шешілуіне ықпал етті. Экономика мен саясат, қоғам мен әлеумет, таным мен руханият сынды сан саланың тыныс-тіршілігін шынның жүзінде көрсетті. Ауыл-ауылды аралап, аяқ тоздырып, ел ішіне барып жанайқайын өз құлағымен тыңдайтын редакторлар, тегінде, некен-саяқ. Журналистикаға кеш келдім деп үнемі қайталап жүретін Сәуле  әпкенің бұл ісі көпке үлгі. Сондықтан болар, «Қазақстан дәуірі» – әрдайым шынайы ақпарат және сапалы сараптамасымен оқырман үшін құнын жоғалтқан емес. 

Ал 20 жылдық белесті еңсерген «Мөлдір бұлақ» журналы Еланасының ұстаздық  тағылымы мен аналық мейірімінің жемісі іспетті.

Туған өлкеден түлеп ұшып, мұқым елдің сый-құрметіне ие болу - абыроймен жеткен адал еңбектің жемісі. Ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орнын тапқан қос басылымның тізгінін ұстау - қасиетті сөзді қастерлей білгенге, қасына кіл мықтыны  жиғанға тән. Бағыты айқын БАҚ-тың мерейлі мерекесінде тілерім: Адал оқырманы арта берсін!

Эльмира Мырзағали, «Анаға тағзым» орталығының директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 13
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 50
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 57
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 33
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1284
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7329
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11197
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7386
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7535