Құрметті «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымы!

Құрметті «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымы!

Сіздерді басылымның 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Қабырғалы қалың оқырман сіздердің басылымды сапалы материалдары, ақпаратты толық әрі жедел бере білгені, отандық журналистиканың игі дәстүрлерін бұлжытпай ұстанғаны үшін жоғары бағалайды. 

«Qazaqstan dauiri» әрдайым мемлекеттік саясатты насихаттап, ұлттық құндылықтар мен төл өнерді дәріптеп, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру жолында сүбелі үлес қосып келеді. Ұлт руханияты мен ұлттық рухтың туын биікте желбіреткен сіздердің басылым өзінің жүріп өткен дара жолымен еліміздің ақпарат кеңістігіне жаңадан қадам басқан өзге әріптестеріне үлгі. 

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын халыққа жүйелі түрде жеткізіп, елдің танымын кеңейтіп, береке-бірлік пен ажырамас достықты насихаттап отырған газет ұжымы алдағы уақытта осы биігінен түспей, ел игілігі үшін еңбек ете береді деп сенеміз.

Баршаңызға ризашылығымды білдіріп, ғасыр белесіне бағыт алған іргелі басылымды мерейлі мерейтойымен құттықтап, газет ұжымына шығармашылық табыс пен кәсіби өрлеу тілеймін! 

 

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5331
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5489
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20456
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19087
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22549