Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!

Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!

Сізді қалың оқырманның жүрегіне жол тапқан қос басылымның мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Екі басылымның аға буын өкілдері мен өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол ақпараттық кеңістікте алар орны ерекше. 

Басылым өзінің әр санында ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігі мен экономикалық дамуына ерекше көңіл бөліп, бұқара халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналып отыр. Біздің Қордай жерінің де өркендеп өсуі мен халықты толғандырған мәселелері басылым беттерінде кеңінен жарияланып келеді. Әсіресе, 2020 жылдың ақпан айында ауданда орын алған «Қордай» оқиғасы кезінде «Qazaqstan dauiri» халыққа  ресми ақпаратты жедел түрде тарата отырып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақталуына өз үлесін қосқандығын ерекше атап өткен жөн. Осындай тың ақпараттарды тарата білген басылымның Қордай жерінде де өзінің тұрақты оқырмандары қалыптасқан. Жас жеткіншектердің сүйіктісіне айналған «Мөлдір бұлақ» журналы да – бүгінде ақпарат айдынында өзіндік орнын қалыптастырған басылымдардың бірі. 

Құрметті Сәуле Мешітбайқызы! 

Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі болып отырған қос басылымның мерейтойымен құттықтай отырып, ұжым қызметкерлеріне шығармашылық шабыт тілеймін. Жазарларыңыз көп, ойларыңыз кемел, қаламдарыңыз ұшқыр болсын!

 

Мәден Мұсаев, Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673