Азаттық таңы атқан соң жарық көрген «Qazaqstan dauiri» басылымын орда бұзар жасқа келуімен батысқазақстандық оқырмандар атынан шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның төл газетінің парақтарында мақалалар дәуір үнімен үндес екенін бірден аңғаруға болады. Яғни үнпарақ атына заты сай. Егемен еліміздің тыныс-тіршілігін, кешегісі мен бүгінін қалың оқырманға жеткізіп, ел шежіресін қағазға хаттаған басылымның беделінің қашан да биік боларына сенім мол.
Ел мүддесі жолындағы үнпарақта Ақ Жайық өңірінің де жасампаз істері жарық көріп жатқанына қуаныштымын. «Qazaqstan dauiri» заман талабына сай жаңғырып, отыз жылдық белесті жаңа жетістіктермен, толайым табыстармен қарсы алып отырғандығы қуантады.
Газет редакциясында еңбек етіп жүрген қалам иелері алдағы уақытта да халқымыздың мұрат-мақсаты мен қоғам дамуына лайықты үлесін қоса береді деп сенемін. Басылым ұжымына зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін!