Құрылыс компанияларына талап күшейді

Құрылыс компанияларына талап күшейді

Арқа төрінде Алаштың жаңа астанасы бой көтергелі өз армандарын осы қаламен байланыстыратын адамдардың қатары көбейгені шындық. Біреулер бұл қалаға біржолата тұрақтап қалуды мақсат етсе, енді біреулер уақытша жұмыстар істей жүріп, осы «боранды қалаға» бауыр басып қалып жатыр. Осылайша кезінде сәулетшілердің «бұл қалаға ең көп болса 700 мың адам тұратын болады» деген болжамдары теріске шығып, біздің жас астанамыз миллион тұрғыны бар ірі қалаға айналып шыға келді.

Бұл қаланың тұрғындары үшін басты проблемалардың бірі – баспана. Қала жылдам кеңейіп келе жатқандықтан, мұнда тұрғынүйлердің сан алуан түрі бар. Соған сай бағалары да әртүрлі. Қалтаңызға қарайсыз да, таңдауыңызды жасайсыз. Негізінен, елордамызда баспаналардың бағасы Алматы секілді ірі мегаполиспен салыстырғанда шамалыарзандау деуге болады. Себебі мұнда тың жерлерге салынып жатқан құрылыстар көп болғандықтан, белгілі деңгейде бәсеке бар. Аларманға таңдау бар дегендей.

Алайда оңтайлы істің қасында бір келеңсіздіктің де көлбеңдеп жүретінін жасыра алмайсың. Астанадан баспана аламын деп жүріп, алаяқтарға алданып жүрген талай адамды жолықтыруға болады.Бұл өз кезегінде аса ауқымды мәселелердің бірі ретінде құзырлы мекемелердің басын қатырған істердің қатарына енген еді. Осы түйткілді шешу үшін қала әкімшілігі де түрлі шараларды қолданып, үлескерлердің құқықтарын қорғау жолында талай бастамалар көтерді. Соның ішінде «әкімшіліктің кепілдігі» талай құрылыс компаниясының есін жиғызып, үлескерлерге сенім сыйлаған белгілеме ретінде есте қалды. Бұдан бөлек қала әкімшілігі құрылыс жүргізуге рұқсаты жоқ кәсіпорындарды да ашық ақпарат көздеріне жариялап, адамдарды сақтандырып келе жатыр.

Сондай игі шараның бірі жақында қала әкімшілігі тарапынан жария етілді. Яғни құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды. Енді алармандар осы тізімге қарап отырып шешім жасауы тиіс. Қала әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта былай делінген:

«Қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.Астана қаласының әкімдігі ақшаңызға абай болу керектігін ескертеді және рұқсат құжаттары жоқ тұрғын үйлердің пәтерлерін сатып алуды қолдамайды (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы).

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жаза қарастырылған.

Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к., 9 мекенжайы бойынша «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге хабарласуыңызды сұраймыз. Өзара байланыс телефондары: 8 (7172)-55-04-28, 55- 67-03». Бұл өз кезегінде үлескерлер үшін жасалған тағы бір сақтық шарасы деуге болады. 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602