Құрылыс нысандарының барысы бақылауда

Құрылыс нысандарының барысы бақылауда

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев есеп берді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 370 нысанның 259-ы мемлекеттік бюджет, 111-і жеке қаражат есебінен жүргізілуде.

Облыста құрылыс жұмыстарын жүргізуге құқығы бар 949 лицензиаты бар компания бар. Оның 780-і құрылыс-монтаж жұмыстарымен, 124-і жобалау, 45-і ұйымдастыру және іздестіру қызметімен айналысады. Бұдан бөлек, сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған 1006 сарапшы тіркелген. Оның 768-і техникалық қадағалаушы, 45-і техникалық зерттеп қарау, 166-сы жобалау жұмыстарының сарапшысы болса, 27-сі авторлық қадағалаушы.

– Биыл басқарма тарапынан 47 құрылыс нысанында жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, олар бойынша 79 әкімшілік іс қозғалды. Заң талаптарын орындамаған мердігерлерге 22 миллион 770 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, құрылыс жұмысына немқұрайлылық танытқан Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы 149 орындық мәдениет үйінің құрылысына тексеру жүргізіліп, нысанның бас мердігері «ЕрК Астана» ЖШС-не әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар, 4 техникалық қадағалаушының аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды, – дейді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, басқарма тарапынан Т.Рысқұлов ауданында – 4, ал Меркі ауданында 2 нысанның құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, бұзушылықтар тапсырыс берушілерге ескертілген. Ендігі кезекте Жамбыл және Байзақ аудандарындағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстар кезегімен барлық аудандарда және Тараз қаласында өткізілмек.

Жиын соңынан басқарма басшысы баспасөз мәслихатында журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 380
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646