Жиырма жастан бастап еңбекке араласып, әр салада жұмыс істепті. Кейінірек мастер-прораб болып, құрылыс саласына біржолата бет бұрады. Сол кездердегі СМУ, Трест, Селден қорғау тәрізді жұмыстарда басшы орындарда қызмет етеді. Қай жерде болса да еңбекқорлығымен, тындырымдылығымен, іскерлігімен көзге түседі. Негізі ол кісі Мәскеу сәулет-құрылыс институтын 1973 жылы бітірген. Мамандығы – сәулетші-дизайнер. Сөйтіп, Калкен ағамыз 1991 жылы зейнеткерлік демалысқа шығады.
Калкен Уаликеев ағамызды мерейтойымен құттықтай отырып, отбасына, өзіне амандық, есендік, денсаулық тілейміз. Аллам ағамызға ғасыр ғұмыр жасауды нәсіп етсін!
Алуаш ӘБІЛТАЕВА,
Алатау ықшамауданы ардагерлер төрайымы














