ҚХЛ: «Барыс» «Амурдан» басым түсті

ҚХЛ:  «Барыс» «Амурдан» басым түсті

Биылғы маусымдағы ойындарын ала-құла өткізіп жүрген елорданың «Барыс» хоккей клубы «Құрлықтық хоккей лигасындағы» кезекті ойында Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасымен кездесті. Кездесу барысында қос команда жеңіске жету мүмкіндігін іздеді. Бір-бірінің қақпасы алдында жиі шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 32-і минутта Кирилл Савицкий мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін екінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Еске салсақ, бұдан бұрын екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. Командалар бүгінге дейін 41 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсті. «Барыс» енді елордада 3 қарашада     Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды. 

 

Ермек Сахариев
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 51
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 47
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 51
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 48

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25131
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37938
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42408