Қыдыралыұлы алғашқы жұмыс сапарын каналдардың жай-күйін зерделеуден бастады

Қыдыралыұлы алғашқы жұмыс сапарын каналдардың жай-күйін зерделеуден бастады

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы "Қуат" каналын тазарту жұмыстарының барысын көрді.

Кеше ғана облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан басшысына бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Солардың бірі - каналдарды көктемгі дала жұмысына даярлау.

10 шақырымды құрайтын "Қуат" каналын механикалық тазалау жұмыстарына жергілікті шаруа қожалық иелері мықтап кіріскен.

Екі апта көлемінде жұмыстар аяталатынына "Досым" шаруа қожалығының төрағасы Досым Қайыпов сенімді.

Жұмыстарды арнайы барып көрген өңір басшысы Ерлан Қыдыралыұлы:

 - Жұмыстар сәтті аяқталар болса, 1236 гектарды суаруға мүмкіндік бар. Шаруалардың судан тапшылық көрмеуі үшін жұмыстарды күшейтуді қолға аламыз. Біз тараптан көмектер көрсетеміз, - деді аудан басшысы.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5413
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5569
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20537
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19168
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22628