ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында: «Нарықтағы монополияны болдырмау үшін сатып алуға қатысу лимиті белгіленеді. Кедендік әкімшілендіруді күшейту есебінен бюджетке қосымша 150 млрд теңге түседі. Қытай Халық Республикасымен шекарада әкімшілендіруді күшейтуге байланысты Қытайдан Қырғызстанға тауарлар импортының ағылуы байқалады. Жыл басынан бастап Қырғызстанға Қытай импортының 5 есе өсуі, Қырғызстаннан Қазақстанға импорттың 2,5 есе өсуі тіркелді. Қазір Қытай Халық Республикасымен шекарада 900-ге жуық автокөлік, ал уақытша сақтау қоймаларында 1200-ге жуық автокөлік әкімшілендіруді жеңілдетуді күтіп тұр. Жыл басынан бері шекара маңындағы бекеттер бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі 23 пайыз, ал көлемі – 26 пайыз азайған», — деген мәліметтермен бөлісті.