Қысқы маусымға дайындық аяқталды

Қысқы маусымға дайындық аяқталды

«Жазғы жөндеу кезеңінде жалпы көлемі 103 мың м³ болатын 30 таза су резервуары мен 800 км-ден астам су және кәріз желілері тазартылды. 9,1 мың өрт гидрантына тексеру мен жөндеу жүргізілді, 100 мыңнан астам құдық тазартылып, 1 200 жапқыш арматура ауыстырылды», – деді департамент директоры.

Сонымен қатар, автокөлік және арнайы техникаларға маусымдық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары орындалды. Қала бойынша тәулік бойы кезекшілік ететін 44 апат бригадасы толық техникамен және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

«Тұрғындардан келіп түсетін өзекті мәселелердің бірі – желілерді салу және қайта құру жұмыстарына байланысты қазылған аумақтар. Соңғы онжылдықтарда Алматының аумағы едәуір ұлғайды: 2011 жылдан бері қала көлемі екі еседен астам артты. Соның нәтижесінде соңғы екі жылда 500 км-ден астам жаңа желі пайдалануға берілді, ал жыл соңына дейін тағы 260 км су және кәріз желілерін салу аяқталады», – деп атап өтті спикер.

Бүгінде Наурызбай және Алатау аудандарындағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін қала сыртындағы кәріз коллекторының құрылысы басталды. Сонымен қатар, үш жаңа су тазарту нысанының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен тозу деңгейі 90%-дан асқан 42 нысандағы 65 км желі қайта жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда су құбыры желілерінің тозу деңгейі 51% құрайды, ал жалпы 2 000 км су және 1 000 км кәріз желісін кезең-кезеңімен ауыстыру қажет.

Маңызды жобалардың бірі – 1971 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан Мыңбаев көшесіндегі диаметрі 630 мм магистральдық су құбырын толық ауыстыру. Соңғы бес жылда онда 38 апат тіркелген. Қайта құру жұмыстарының аяқталуы 60 мыңнан астам тұрғынды және ондаған әлеуметтік нысандарды сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 29 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, 6 нысанда абаттандыру және жол жамылғысын қалпына келтіру жүріп жатыр. Ал 3 нысанда реконструкция санация әдісімен жүзеге асуда. Тимирязев және Сейфуллин көшелерінде траншеясыз ауыстыру тәсілі қолданылады, мұнда құбырлар тек кейбір кәріз құдықтары арқылы ауыстырылады. Биыл 4 сорғы станциясын жөндеу, 200 дана сорғы жабдығын және 444 дана жапқыш арматураны ауыстыру, 4 трансформаторлық қосалқы станцияны қайта құру және 2 таза су резервуарын салу жоспарланған. Бұл шаралар жүйелердің сенімділігін арттыруға және көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, қазан айынан бастап алматылықтар су тұтыну көлеміне қарамастан бірыңғай тариф бойынша төлем түбіртектерін ала бастады. Бұл тәртіп жыл соңына дейін сақталады, ал 2026 жылдан бастап нақты тұтыну бойынша есептеу қайта енгізіледі.

«Әлеуметтік тұтыну нормаларының енгізілуі және есептеу құралдарын орнатудың белсенді жүргізілуі нәтижесінде пәтерлер мен жеке үйлердің су есептегіш құралдарымен қамтылуы 64%-дан 80%-ға дейін өсті. 15 мыңнан астам абонент кәсіпорынмен тікелей шартқа отырып, қалалық тарифтер бойынша төлем жасау мүмкіндігіне ие болды», – деді «Алматы Су» өкілі.

 

Г.ТҰРСЫНҚОЖА, Алматы қаласы
16.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 151
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 151

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18814
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18681
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33848
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32393
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36199