Қысқы спортқа қазақ жастарын тарту керек

Қысқы спортқа қазақ жастарын тарту керек

Бейжің Олимпиадасына таудай болып барып,  ұнжырғасы түсіп қайтқандардың орнына қазақ жастарын әкелу керек. Сонда ғана нәтиже болады. Соларға бөлінген қаржыларға да спорт басшылары, олимпиадалық комитет бірігіп есеп беріп, ел алдында ашық жауап берулері керек. Қажет болса құлықсыз, ынтасыз әйтеуір жүрдім, бардым деп жүрген орыс бапкерлерін жұмыстан түгелдей кетіріп, тазалау керек. Қашанғы қысқы спортқа құлықсыз қарай береміз? Бейжіңде шаңғы жарысы, биатлон секілді спорт жарысына шыққан жерлестеріміздің көштің соңында келуі – жанымызға жегідей батқаны анық.

Ойпырмай, жеңілген жан өзінің әлсіз жақтарын мойындауының өзі жігіттікке жатар еді. Ал елімізді масқара еткен олардың айтқан сылтау, себебі еріксіз ашу шақыртады. Мысалы көпшілігінің (негізі орыс ұлтының спортшылары) алдымыздан соққан қатты жел, трассаның аяқ алып жүрусіз тайғақтығы кедергі болды деген сияқты жалған ақталудың себеп-салдарын желеу еткенде басыңа қан шапшып, намысың келеді. Сонда мәреге бұрын жеткен өзге елдің спортшылары неге сондай өтірік сылтауларды сөз етпейді?  Өйткені оларда елге, туған жеріне деген бойларында лаулаған намыс бар. Намыс бар жерде табыс бар. Хош, тізіп айта берсең көңіліміз түсіп, ашу-ызаға ерік беретіндей халде тұрмыз. Шорт-тректегі қаракөз жастарымызға алғысымыз шексіз. Жүлдеге қол жетпесе де көпшілік жанкүйерлерді осы бір спорт түріне сүйсіне қарата білді. Асын адал жеген марқасқалар, елі үшін абыройлы өнер көрсете білді. Енді қысқы спорт түріне қазақтарды тарту мәселесін көтеру керек. Біздің елде  тау да, қар да жетеді. Алты ай қыс жататын солтүстік өңіріміз қысқы спортқа өте қолайлы мекен. Дегенмен тәжірибе алмасу үшін қысқы спортта әлем көшінің басында тұрған дамыған елдерге қазақ жастарын жіберу керек. Айталық, мемлекет Норвегия еліне шаңғы ұстаған қазақтарды оқу-жаттығу жұмысына тәжірибе алуға жіберсе, Голландияға конькишілерімізді, Канада, Финлияндаға хоккейшілерімізді тағысын тағы қысқы спорт түрлерінен дамыған елдерге аттандыру керек. Сонымен қатар елдегі қысқы спорт түрлерінен спорт мектептері ғана емес, орта мектептегі қаракөз жасөспірімдерге бар жағдай туғызып, қамқорлыққа алса деген ой да өте өзекті. Қазақ жастарын қысқы спортқа қызықтыратын мега жобаларды іске асырылып жатса, ол да бір жағынан демеу болар еді. Сонда ғана бір нәтиже болады. Кеш болмай тұрғанда осындай қимыл жасау керек!

 

Ақын ОРДАБАЙ
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 87
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 97
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 193
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 193
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 330
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 559
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 507

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9207
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8604
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11831
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9601
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10814