Қытай – әлемдегі ең ірі инвестор

Қытай – әлемдегі ең ірі инвестор

Қытай 2022 жылдың бірінші жартысында «Бір белдеу бір жол» бастамасы арқылы Ресейге қаржыландыру мен инвестиция салудан бас тартты. Бұл жайлы Шанхайдағы Фудан университетіндегі Жасыл қаржыландыру және даму орталығының есебінде айтылды. Әлгі баяндамада: «Сауд Арабиясы Қытай инвестициясының негізгі алушысы болды. Ал Ресей, Шри-Ланка және Египетті қоса алғанда, бірқатар елдер 2022 жылдың бірінші жартысында Қытайдың қатысуынсыз қалды», – делінген. Құжатта көптеген елдерде, соның ішінде Ресей мен Египетте «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жобалары арқылы инвестиция мен қаржыландыру 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 100 пайызға азайғаны атап көрсетілген. Баяндама авторлары сонымен бірге 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «Бір белдеу – бір жол» жобалары аясындағы қаржыландыру мен инвестиция 28,4 миллиард долларды құрағанын, ал 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 29,6 миллиард долларға жеткенін есептеген. ҚХР басшысы Си Цзиньпин бұл бастаманың басталғанын жариялаған 2013 жылдан бері оның қатысушы елдердегі түрлі жобаларға қаржылық қатысу көлемі 932 миллиард долларға жеткен. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдың қаржыландыруы мен инвестициясы бастаманың 42 еліне бөлінді, 15 ел инвестиция алды, ал 35 елде Қытай инфрақұрылым құрылысына қатысты. Бірінші жартыжылдықта құрылыс көлемі бойынша бірінші орынды Филиппин иеленді, Қытай бұл елге шамамен 3,3 млрд доллар инвестициялады, одан кейін Сербия мен Иракқа сәйкесінше бөлінген қаражат 1,9 млрд және 1,5 млрд долларды құрады. Қытайдан инвестиция тартқан елдер қатарында Қазақстан да бар.

 

Ермек НАЗЫМ
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10393