ҚЫТАЙМЕН ДОСТАСҚАН ЗИМБАБВЕ

ҚЫТАЙМЕН ДОСТАСҚАН ЗИМБАБВЕ

(Қытаймен достасқан біздің елдің болашағы не болар екен? – деп қатты уайымдаймын...)

Бұл оқиға әуелде өте жақсы басталыпты. 1980 жылдардың басында қазіргі Зимбабве елі Африкадағы дамыған елдердің ішінде басынан санағанда екінші орында тұрған, қуатты мемлекет болды. Зимбабвенің валютасының құны британдық фунтпен бірдей болды. Бірақ дәл осы кезде билікке Роберт Мугабе келеді. Мугабенің бірінші бастағаны – бұрыңғы ағылшын отаршыларының саясатын түбегейлі өзгерту арқылы елді толыққанды этникалық африкалық мемлекетке айналдыру болса, екіншіден, тау-кен саласын дамыту арқылы экономиканы нығайту, үшіншіден, сыртқы ынтымақтастықты жақсарту арқылы ресми серіктес елдер табу қатарлы үлкен мақсаттар қойып, жұмыс істей бастады.

Бірақ серіктес ел ретінде бізге жақсы белгілі оңтүстік көршіміз, яғни Қытайды таңдапты. Мугабе мырза Қытай мен Зимбабве өзара алыс кеңістікте орналасқан, тілдік және мәдени жағынан бір-біріне ұқсамайтын болса да түпкі мақсаты бір бауырлас елдер деп сендіреді. Сонымен Мугабе мырза елінің барлық саласын Қытаймен байланыстырып, соның ішінде саяси және экономикалық саясатын толығымен Қытаймен үйлестіре бастайды. Ол түгілі барлық орта мектептерде қытай тілін арнайы пән ретінде кіргізіп, қытай мәдениетін насихаттай бастаған. Экономикалық ынтымақтастықтағы жарасқан «сүйікті серіктесі» – Қытай алдымен ол елдің тау-кен саласына инвестиция сала бастады. 

Ал Мугабе өзгертулер мен реформалар жасай алды, енді реформа нәтижесін күтуі керек болады. Прогресс қашан келеді? Бірақ өзгеріс ол күткендей болмады. Ел кедейленуде, қоршаған орта ластанып, күйреуде, сыбайлас жемқорлық пен қылмыс өршіп кетті. Қытайдың Сауда министрінің айтуынша, 2008 жылы Қытай мен Африка арасындағы сауда көлемі 106 миллиард долларға жетіп қойған. Бірақ Қытай болса Африкаға жылына 5 миллиард доллар ғана инвестиция салады.

Бұл жерде қарапайым математикамен-ақ пайда кімге, шығын кімде екенін білу оңай. Былайша айтқанда Зимбабве – Қытайдың ең көп шырын беретін сүйікті сүтті сиырына айналған. Бүгінде Зимбабведе инфляция жүз миллион есе, тіптен миллиард есе өсіп кеткен. Ел халқы жаппай ашаршылық, жұқпалы аурулардың, қарулы қақтығыстардың ордасына айналған.

Саяси жүйе бұрмаланып авторитарлық немесе тоталитарлық басқару нысанының қайсысында екенін өздері де ажырата алмай қалыпты... Бүгінде Мугабенің 1 триллион ақшасы 1 долларға тең! Халықты осы күйге жеткізген Мугабе 2019 жылы 6 қыркүйекте 95 жасында дүниеден озды. Мугабе кеткеннен кейін, халық ерекше шаттанып, көшелерге шығып, би билеп, ән салған. 

Қытаймен достасқан біздің елдің болашағы не болар екен? – деп қатты уайымдаймын...

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 223
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 219
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 724
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 847
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 760

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8916
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8310
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11537
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9294
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10522