Қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

Қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

емлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Осы орайда, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының тұрғыны жеке кәсіпкерлік нысанындағы ғимаратына іргелес жатқан қосымша бос жерге құқықтарды рәсімдеу үшін Жаңатас қаласы әкіміне жазған өтінішіне 3 айдан астам уақыт бойы жауап ала алмағандығын көрсете отырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне шағымданған.

Департамент өз тарапынан шағымды жан-жақты және толыққанды қарау үшін жоспардан тыс тексеру жүргізе отырып, қызмет берушілермен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі бұзылғындығы анықталған.

Қызмет алушының құқығын қалпына келтіру мақсатында Жаңатас қаласы әкімі аппаратына бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді.

Нәтижесінде шағым иесінің өтініші бойынша аудандық жер комиссиясы оң шешім қабылдап, қосымша жер учаскесіне жеке меншік құқығын сатып беру туралы қала әкімінің қаулысы шығарылды.

Осылайша, қызмет алушының бұзылған құқығы толықтай қалпына келтіріліп, жеке кәсіпкер өз қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік алды.

Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралуда.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
26.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 105
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 105
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 624
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 742
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 653
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 663

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410