Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында белсенді шараларды қабылдайды.
Мәселен, жуырда Департамент жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан негізсіз бас тартуға қатысты арыз иесінің шағымын қарастырды.
Арыз иесі 2024 жылғы 12 наурызда жүктілікке және босануға, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуына, асыраушысынан, жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметтерін алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалы арқылы өтінім берген.
Алайда арыз иесінің сұрау салуы құжаттар топтамасының толық еместігіне байланысты пысықтау үшін 5 рет кері қайтарылған. Қызмет алушы себептерді анықтау және кемшіліктерді жоюмақсатында Мемлекеттік корпорацияға бірнеше мәрте қайырылғанымен, талап етілетін құжаттар тізімі туралы түрлі жауаптар алып отырған.
Жолданымды қарастыру мақсатында Департамент Астана қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалына сұрау салды.
Нәтижесінде арыз иесінің 21.04.2024 жылғы«Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тағайындау», 13.05.2024 жылғы «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау» туралы өтінімдері
6 және 16 мамыр күндері оң шешімін алғаны анықталды.
Осылайша қызмет алушыға аталған әлеуметтік төлемдер тағайындалды. Дер кезінде қабылданған шаралар мен арыз иесінің мәселесі шешілуіне байланысты шағым кері қайтарып алынды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде құқықтар бұзылған немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге қатысты ұсыныстар болған жағдайда азаматтар Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайы бойынша Департаментке жазбаша түрде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы электронды түрде, сонымен қатар EgovKzBot2.0 «Кеңес1414» телеграм-боты арқылы жүгіне алады.