Қызметтер оңтайландырылуда

Қызметтер оңтайландырылуда

Сіздерге ұсынатын келесі ақпаратымыз ол азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылық кепілі - кәсіпкерлік жайлы болмақ. Негізінде соңғы бірнеше жылда біздің мемлекетіміз кіші және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуде. Өзіңнің жаңа идеяларыңды жүзеге асыру үшін тек қана жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Дара кәсіпкерлерді тіркеу қызметі 2 АЕҚ мөлшерінде ақылы түрде бір жұмыс күні ішінде тіркеледі.

Сонымен дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін салықтық өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, мекен жай анықтамасы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, бюджетке төленген түбіртек қажет. Дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде шаруа қожалықтары, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын оралмандар төлем төлеуден босатылады.

Порталға жүгінген кезде электрондық нысандағы ЭЦҚ – мен куәландырған салықтық өтініш, жеке басты куаландыратын құжатты, мекен жай анықтамасын,қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық деректер нысанында алады.

Нәтижесінде тіркелушіге дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігі беріледі. Қосымша ақпаратты электронды үкімет веб-порталынан www.egov.kz немесе 1414 номеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Аманкулов Канатжан Бахытжанович Сарысу аудандық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің басшысы
21.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14318
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14253
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29393
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28028
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31562