ҚЫЗЫЛ ЖІП НЕМЕСЕ ИУДЕЙЛІК КАББАЛИСТІК ТҰМАР

ҚЫЗЫЛ ЖІП НЕМЕСЕ ИУДЕЙЛІК КАББАЛИСТІК ТҰМАР

Осы тақырып қазір қызу болып жатыр екен.

Мамасити деген бір блогер қызыл байлауыштарды қыруар ақшаға сатып, “осыны тақсаң, керемет боп кетесің”,-деп жатқан көрінеді.

Талай аузы күйсе де, бір басқан кетпенінің басын қайта-қайта баса беретін, жеңіл жолмен табысқа кенелуді ойлайтындар оны сатып алып жатыр екен.

 

Әйтеуір өзіміздің тілімізден бастап құндылығымыздан да, ділімізден де, ұлттық киімімізден де безіп, басқаның “қаңсығын таңсық” қылып жүрміз ғой, адасып, Құдай ақырын берсін, қайда барарымызды…

Өстіп жүріп, ұлт болудан қалмасақ болды деп қорқамын.

 

Әкем марқұм орысша сөйлегендерге “жаман қазақ орыс бола алмайды” деуші еді, біз қазір орыспыз ба, арапбыз ба, білмеймін, кім боп бара жатқанымызды.

 

 Наным-сенім десек, ол өз қазағымызда да бар. 

Күміс білезік тақса, бойдағы қанша уытты дүниелерден тазарамыз. 

Медицинада дәлелденген дүниені атам қазақ баяғыда-ақ білген.

Әйтеуір, өзіміздікі жаман, өзгенікі тамаша дейтін, сараламай, талдамай, жұрттан қалмаймыз.

 

Ақ Димашымыз әлемді ұлттық болмысымен, өнерімен таңғалдырып, жеті жұрттың еліне қазақша ән салдырып жүрсе, біз дүбара ұлт болып барамыз…

 

Қазақ қайда барасың?,-деп кейде айғайлағым келеді.

Әттең, дауысым жетсе де, кейбіреуінің жүрегіне айтатын сөзім жетпейді-ау деп қорқамын…

 

Бүгінде білегіне қызыл жіп таққандарды жиі  көреміз. Белгілі әнші, әртістердің де білегінен жиі байқаймыз.

 

 Қызыл жіпті не үшін тағады деп ойланып көрдіңіз бе?

Бұл сән бе? 

Әлде тіл-көзден сақтасын дейтін наным-сенім бе? 

 

Қызыл жіптің де, жібі болады екен. Тіпті Израилден арнайы әкелінген, дұға оқылған қызыл жіптерге сұраныс жоғары. Неге қызыл жіп тағады? Оның мағынасы қандай? Қайдан шыққан? Тағып жүргендер қандай оймен тағып жүр?

 

Біреулер қызыл жіп тіл-көзден сақтайтын күшті тұмар десе, басқалары ауруға шипа екен дейді. 

 

Ал қызыл жіптің жолын нақты ұстанушылар оның Каббала іліміне тиісті дүние екенін жақсы біледі. 

Қызыл жіптің тарихына көз жүгіртіп, бұл «тұмардың» құпиясы неде екенін зерттеп көрелік.

 

 Қызыл жіп- мүлдем зияны жоқ, жай ғана тұмар емес, бұл – сол қолдың білегіне байланатын, қызыл жіп түріндегі иудейлік каббалистік тұмар. Оны жақын адамың айрықша дұға оқып, жеті түйін етіп байлауы керек екен. Сонымен қатар бұл жіпті міндетті түрде ақшаңа сатып алуың керек.  Бұл тұмар тіл-көзден, көре алмаушылықтан сақтайды-міс. 

 

Қызыл жіп тағу Батыс шоу-бизнесінде кеңінен танымалдыққа айналып, кабалла жолын ұстанушылықты дәріптей бастады. Өнер адамдарының ішінде қызыл жіпті алғашқылардың бірі болып білегіне таққан әйгілі әншілер Мадонна, Бритни Спирс  екен.  

Олар ежелгі еврейлік эзотерикалық ағымы – Каббаланың жолын ұстанады. 

 

Қызыл жіп тағуға қатысты мұндай еліктеушілік қазір бізге де жеткен. Бірақ сол қызыл жіп таққандар еліктеудің түп-тамырына үңіліп көрді ме екен?

 

Каббала - [ежелгі еврейше «дәстүр»] - II-V ғасыр қалыптасып, XII-XV ғасыр Испания мен Палестинада дамыған еврейлік эзотерикалық ағым. Каббалистердің наным-сенімі бойынша сол білегіңе жақының байлаған қызыл жіп – тіл мен көзден қорғайды. 

 

Олардың пікірінше, жағымсыз энергетика адам денесіне және аурасына сол қол арқылы кіреді. Тұмарды сол білекке байлағаннан соң, ол  төнген қауіп-қатерден, жамандықтан қорғайды-міс. Каббала жолын ұстанушылар үшін бұл ғұрып маңызды, сондай-ақ олар қасиеттері жерлерден әкелінген қызыл жіптерді ғана байлайды. 

 

Бұл тұмар жайлы тағы бір адам сенгісіз ұғым бар. Каббалистердің ойынша, бұл жіп көне өсиеттегі Рахиладан, Иааковтың сүйікті әйелінен жеткен. Ол Құдайдан бала сұраған кезде періште келіп, оған қызыл жіп сыйлаған екен. Содан кейін ол Иааковке қос ұл туып беріпті-міс. Бұл каббалистердің ойдан шығарған жаңсақ пікірі.

 

Сонымен қатар каббала жібінің қызылдан басқа бірнеше түрі болады. Олардың әрқайсысының атқаратын «міндеті» бар. Біреуі – амандық, денсаулық, байлық және т.с. әкеледі екен. Бір қызығы, оларда «жақсы жұмыс істеуі үшін» оларды да өз ақшаңа сатып алуың керек екен. Егер әдеттегі жіпті сатып алып, байлап алсаң, ол жарамайды. Неліктен? 

 

Каббала орталығының басшысы – раввин Филип Берг ақша табу мүмкіндігін жіберіп алмайтын, мықты кәсіпкер. Сондықтан да Лос-Анджелестегі кабалла орталығы – күшті сауда кәсіпорыны. Ол жерде кез келген нәрсе үшін ақша төлеу керек екен. Тіпті кіру курсының өзі -250 доллар тұрады. Бірақ ең үлкен бизнес каббала сыйкәделерінің дүкені жасайды.

 

Каббалистер түрлі символикалар мен нумерологиямен айналысады. Бұл жерде әр түрлі «қасиетті» ұсақ-түйек жетеді. Бірақ бәрінен бұрын «жамандықтан сақтайтын» қызыл жіптің саудасы жүріп тұр. Бір қызыл жіптің құны 30 доллардан басталады. Сонымен қатар бүкіл әлемде 50 орталығы бар,  ондаған миллион доллар қаржы табатын, бұл діни ұйым пайда келтірмейтін деп саналып, қайырымдылық ұйымы ретінде тіркеліп, салықтан босатылған. 

Бір сөзбен айтқанда, ештеңе емес, тек ғана бизнес. 

 

Қазіргі кезде миллиондаған адамдар қызыл жіпті тұмар ретінде сатып алып, каббала ілімінің жолын ұстаушылар қатарында жүргендерін өздері де білмейді. Қызыл жіп тағушылардың аз ғана бөлігі каббалаға сеніп, осы ілім жолында жүргендер. Каббаланың қызыл жібін сатып алғанда бірге сатылатын дұғасының мән-мағынасын да түсінбейді. 

 

Тіпті қазір қызыл жіпті тіл-көзден сақтайды деп балалардың да қолына тағатындар бар.

Шын мәнінде қызыл жіп жарнамасы каббалистерге пайда түсіріп отырғаны анық. 

Қызыл жіп таққандар «біліп-білмей» каббаланы насихаттап жүр. Жастар оның байыбына бармай, жете ұғынбай, «сәнді, барлығы байлайды екен, қалыспайын» деп байлап жүр. 

 

Бірақ егер мүйізі қарағайдай иудейлер мен дінге сенбейтін атеистер өз бақытын жай бір қызыл жіптен іздеп жүрсе, әлімсақтан мұсылманбыз дейтін қазақтардың қызыл жіп тағып жүргенін не дейміз? 

 

Білместік пе? Еліктеу ме?.

Тұрар САТТАРҚЫЗЫ
22.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 113
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 310
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 304
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 927

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9000
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8395
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11621
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9378
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10603