Қызылша – бұл жедел басталатын инфекциялық вирусты ауру, адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғады. Ауру жоғары температурамен, ауыз қуысының және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты, сілекей қабаттарының қабынуымен, сондай-ақ өзіне тән бөртпесімен сипатталады.
Ата аналардың назарына:
Вакцинация кезінде:
• Дәрігер вакцинацияның алдында тексеру жүргізеді.
• Анамнез жинау кезінде дәрігерге ықтимал қарсы көрсетілімдердің болуы туралы ескерту керек: вакцинаны алдыңғы енгізуге жағымсыз реакциялардың, созылмалы аурулардың, аллергияның, инфекциялық аурудың жіті фазасының болуы.
• Сіз дәрігерге вакцинация туралы кез-келген сұрақтар қоюға құқығыңыз бар.
• Ата-аналар вакцинацияға ақпараттандырылған келісім жасайды.
• Вакцинацияны мейірбике емдеу бөлмесінде жүргізеді. Ата-ана вакцинаның сақталу жағдайын тексеруге, қаптамасын тексеруге, нұсқаулықты өзімен бірге алуға құқылы.
• Егу паспортында: вакцинацияның күні мен орны; вакцинацияны жүргізген медицина қызметкерінің деректері; вакцинаның сериялық нөмірі мен саудалық атауы жазылуы тиіс.
Вакцинациядан кейін:
• Вакцинациядан кейін 30 минут ішінде жедел аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін емханада қалу керек.
• Ықтимал жанама әсерлер туралы біліңіз. Мысалы, КПК вакцинасынан кейін 7-10 күн ішінде бөртпе "вакцина аллергиясы" емес, бірақ вакцинаның қалыпты жанама әсері, ол сізді алаңдатпауы керек.
• Температура 38.5°C-тан жоғары болған кезде қызуды басатын дәріні қолданған жөн.
• Алғашқы бірнеше күндегі әлсіздік — бұл вакцинациядан кейінгі жиі кездесетін жанама құбылыс. Бұл уақытта жүктемені шектеп, көп демалған дұрыс.
Құрметті ата-аналар, қызылша мен қызамықты емдеуге арнайы дәрі-дәрмек жоқ, сондықтан екпе алу сізді және балаңызды осы инфекциялардан қорғай алатынын біле жүріңіз. Вакцинация үшін қызылшаға қарсы тиімді әрі қауіпсіз, қызамыққа және паротитке қарсы компоненттері бар вакцина (ҚҚП) қолданылады.