Раушан Қожамжарова: Білім бәсекесінде барымызды салып келеміз

Раушан Қожамжарова: Білім бәсекесінде барымызды салып келеміз

Білім саласы мемлекеттік саясаттың ажырамас бөліктерінің бірі екені белгілі. Сондықтан бұл салаға серпін беріп, сапаны арттырудың ар жағында адам капиталын дамыту міндеті тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет.

 

 

 

Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек.

Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн», деп білім беру ісіндегі негізгі басымдықтарға назар аударып еді. 

Еліміздегі іргелі аймақтардың бірі ретінде Жамбыл жерінде де білім саласына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Әсіресе Әулиеатаның өзге елді мекендеріне қарағанда халқы тығыз орналасқан облыс орталығы Тараз қаласындағы білім саласы қарбаласқа толы. Қолға алынған тірлік аз емес. Алға қойылған міндеттер де көп. Осы ретте қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан ҚОЖАМЖАРОВАҒА жолығып, облыс орталығының білім беру жүйесіндегі жұмыстар жайлы сұрап-білдік.



 

– Раушан Пернешқызы, алдымен Тараз қаласындағы білім беру ұйымдарының жай-күйіне тоқталсақ. Мектептердің құрылыс, жөндеу жұмыстары ойдағыдай атқарылып жатыр ма? 

– Қазіргі таңда Тараз қаласында 63 мектеп, 45 балабақша, 1 кешкі мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, барлығы 115 мекеме жұмыс атқаруда.

Білім мекемелерінің желісі жыл сайын кеңейіп келеді. Соңғы екі жылда 3000 оқушыны орынмен қамтыған 4 мектеп ашылып. «Барысхан», «Шалғай Қарасу» алқаптары мен Асқаров көшесінің соңында 600 орындық және «Ұлы дала» ақшам ауданында 1200 орындық мектептер бой көтерді.

Сонымен қатар жекеменшік мекемелер саны да артып, бүгінгі күні қалада 21 мектеп пен 94 балабақша бар.

Өткен жылы білім саласына 67 миллиард 633 миллион 361 мың теңге қаражат қарастырылды.

Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

7 мектеп пен 1 бөбекжай-бақша ғимараттарына күрделі жөндеу, 22 мектеп пен 13 бөбекжай-бақшаға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

7 мектеп пен бір балабақшаға күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді, 2 мектептің мемлекеттік сараптамасы дайындалды.

9 мектепке модификациялық кабинет, 17 мектепке жаңа сынып жиһаздары мен 41 дана интерактивті панель алынып, асхана жабдықтары жаңартылды.   

Сонымен қатар білім мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 88 мекемеге турникет орнатылды, мектептердің барлығы полиция департаментінің басқару орталығына қосылды. Бүгінгі күні білім мекемелерінің барлығында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген.

Осы оқу жылы қала мектептерінде 84 759 бала білім алады (мемлекеттік мектептерде – 77490, кешкі мектеп – 240, жекеменшік мектептерде – 7029 бала). Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен 1-4 сыныптардың 30369 және аз қамтылған отбасының (5-11-сынып) 10204 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерьде 10828 оқушы, қала сыртындағы лагерьлерде 2803 бала жазғы демалыспен қамтылды. Тамыз айында аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан 18 621 балаға 40 567 теңгеден қаржылай көмек берілді.

10 мектепте 3554 балаға тасымал ұйымдастырылған (19 автобус).

 

 

 

– Білім саласы туралы мәселе қозғалғанда мектепке дейінгі білім беру секторын, мектептен тыс өтетін іс-шаралардың нәтижелерін де айтпай кетуге болмас. Осы бағыттағы көрсеткіштерге де тоқталып өтсеңіз.

– Бүгінгі күні облыс орталығында 146 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның 58,9 пайызын жекеменшік мекемелер құрайды. 2023 жылы 45 мекемеге 1733 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. 

Мектепке дейінгі тәрбиемен 2-6 жас аралығындағы 21665 бала, 3-6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз қамтылған.

Мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері жыл сайын өсіп, нәтижелер саны артып келеді.

2022-2023 оқу жылында интеллектуалдық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарының облыстық кезеңінде оқушыларымыз 253 орынға, Республикалық, халықаралық кезеңінде 50 жүлделі орын алып, 2022 жылмен салыстырғанда жүлдегерлер үлесі 14,2 пайызға артты.

Қаланың 6 мектебі Қазақстан Республикасы олимпиада мектептері рейтингісіне енгізіліп, оның ішінде Республика көлеміндегі «Үздік олимпиада мектептері» тізімінде Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы мен №40 гимназия болды. 

Халықаралық деңгейдегі «Иран олимпиадасы», «Өмірбек Жолдасбеков атындағы ғылыми жоба», «Математика және жобалау» интеллектуалдық жарыстарында 8 оқушы жүлдегер атанды.

2012 жылдан бастап Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қала мектептерінің педагогтері жыл сайын қатысып, нәтижеге жетуде.

2023 жылы Республикалық «Үздік педагог-2023» конкурсында екі мұғалім жеңіске жетті, олар – Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның география пәнінің мұғалімі Рауан Ошакбаев пен математика пәнінің мұғалімі Айнур Нуралиева. Бүгінгі күні қала мектептеріндегі 11 мұғалім осы атаққа ие болғандар.

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында №45 гимназияның тарих пәні мұғалімі Лаубай Тоғжан ІІІ орынға ие болды.

Жас математиктер арасындағы Х халықаралық байқауда Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының математика пәні мұғалімі Кеңесов Бауыржан І орын иеленді.

MPACT Olympiad – V Халықаралық ашық шығармашылық конкурсында №49 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айбек Мұратбаев, №5 мектеп-гимназиясының мұғалімі Убишов Думан III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсында 18 педагог жүлделі орынға ие болып, дипломдармен марапатталды.

 

 

 

– Раушан Пернешқызы, педагогикалық ұжымдардың жұмысының нәтижесі қандай?

– Соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 8-7-тармақшасына сәйкес әзірленген «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын 2 мектеп алды. Олар №8 гимназия – 34 миллион теңге, №45 гимназия – 48 миллион теңге. 

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 4 мамырдағы №94 қаулысымен бекітілген «Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидаларын, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу» байқауында Тараз қаласының 4 педагогі марапатталып, төсбелгі және қаржылай сыйақы иеленді. Жамбыл облысының білім мекемелерінің арасында білім беру мекемелерінің қызметінің тиімділігін бағалау және ынталандыру мақсатында өткізілетін облыстық рейтинг қорытындысы бойынша да Тараз қаласының мекемелері жақсы көрсеткішке ие болуда. 2015 жылдан бері 5 гимназия, 1 мектеп-гимназия үздіктердің қатарында болып, марапатталды.

– Мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

– Осы жылы мектеп жасындағы 13898 бала қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелермен қамтылған. Білім бөліміне қарасты 4 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс атқарады (Техникалық шығармашылық орталығы – 2972, Оқушылар сарайы – 7752, Балалар көркемөнер мектебі – 686, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы – 500, облыстық білім басқармасына қарасты мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізу орталығында – 1988 бала).

Мектепішілік үйірмелерге – 48 364 бала (55,8 пайыз), оның ішінде 579 спорт секцияларына 35 020 бала қамтылған.

Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және қолжетімділігін арттыру мақсатында тағы да бір қосымша білім мекемесін ашу бойынша жұмыстар атқарылуда. Құмшағал шағын ауданында мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығын ашу үшін ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу шаралары жүргізілуде.

 

 

 

– Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мекемелер мәселесі қалай шешілуде? Орын тапшылығы бар ма?

– Бүгінгі күні 63 мектептің 59-і типтік, төртеуі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Апатты жағдайдағы мектептер жоқ.

Үш ауысымды және орын тапшылығы бар екі мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» жобасы аясында осы жылы шешіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда «Жайлы мектеп» жобасы аясында «Бәйтерек» ықшамауданында, «Шөлдала» алқабында, «Ұлы дала» ақшамауданында мектеп құрылыстары жүргізілуде.

– Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау бойынша алып-қосарыңыз бар ма?

– Білім мекемелерінде аталған санаттағы балаларға қажетті жағдайлар жасалған. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, түзету қызметтерін көрсететін 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және 3 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері мен 1 ресурстық кабинет жұмыс істейді. Түзету кабинеттерінде қажетті жағдайлар жасалып, тиісті арнайы мамандармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні 501 бала түзету жұмыстарымен қамтылған. Сонымен қатар оңалту-түзету мекемелерінен көмек алуда қалыптасып отырған кезектілікті жою мақсатында 2023-2024 оқу жылында 150 орындық №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу бағытында жұмыстар аяқталуда. Биыл ашылатын болады.

– Балалар арасында құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқарылуда? 

– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл күнделікті бақылаудағы мәселе.

Мектептерде «Жас Ұлан» ұйымы, Өзін-өзі басқару мектеп парламенті, «Бала өкілі», пікір сайысшылар, «Еріктілер тобы», «Адал ұрпақ», «Қыз Жібек», «Жас сарбаз», «Жас құтқарушылар» т.с.с. патриоттық және шығармашылыққа баулу клубтары жұмыс істейді. 

Бала тәрбиесіне бірінші кезекте отбасы және оның әкесі мен анасы жауапты болады. Осы орайда, білім мекемелерінде Әкелер кеңесінің жұмысы жоғарғы деңгейге қойылған. Жұмыс жоспарына сәйкес мектептерде әкелермен кездесу, жиналыс және ашық есік күндері өткізілуде.

Сондай-ақ жоғарғы сыныптарда мамандық таңдау, әскери патриоттық білімдерін көтеру, тарихи-рухани сауаттылығын арттыру мен бұқаралық спортқа деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылдың 12 ай қорытындысында 12 мектеп оқушысының қылмыстық дерегі тіркеліп өткен жылмен салыстырғанда 11 қылмысқа төмендеді.

– Білім мекемелеріндегі бала тәрбиесіне қатысты не айтасыз? 

– 2023-2024 оқу жылында орта білім беру мекемелерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтары» негізінде жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Орта білім мекемелерінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталған тәрбиелік жобалар, сынып сағаттары, семинарлар, дәріс сабақтары, байқаулар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамасымен «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» нұсқаулығы бойынша «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» арқылы ата-аналарды ағарту жұмыстарына қамтуда. Бүгінгі күні барлық мектептерде орталық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары ашылып, Даналық мектебінің «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» клубтары мен медиация бөлмелері және қамқоршылық кеңестерінің жұмысы жүргізілуде.

Мектептерде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы, Бала құқықтарын қорғау өкілдігі, волонтерлер тобы, «Дебат» пікірсайысшылар, «Адал ұрпақ» еріктілер, «Қыз Жібек» қыздар, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық және «Жас құтқарушылар» клубтары жұмыстарын жалғастыруда. Осы оқу жылы аталған клуб мүшелерінің саны 21245 балаға дейін өсті (2022 жылы – 20 137, 2021 жылы –18546 оқушы болған).

2023-2024 оқу жылы осы бағыттағы жұмыстарға жаңа жобалар енгізілді. Біртұтас тәрбие бағдарламасы мен ӘНХ ұсынымдамалары бойынша білім беру мекемелерінде білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар «Менің елім және менің құқығым», «Құқық-квест», «Заңға қосқан үлесім», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Заң мамандықтары», еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін «Қолөнер шеберханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Өзің жасап көр», «Аспаздық жоба», Ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру үшін «Бейбіт кннің каһармандары», «Өнер мен құндылықтар», «Тарихқа құрмет», «Менің отбасымның өмірлік жолы», «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру», салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуі және денсаулықты нығайтатын әдеттерге дағдылануы үшін «Күнделікті пайдалы тағам», «Зиянды әдеттен аулақ бол», «Спорт және мен», «Қауіпсіздік және алғашқы көмек», «Психологиялық әл-ауқат және күйзеліске төзімділік», «Ұйқы және оның денсаулыққа әсері», «Экранға тәуелділік: жаман әдет», «Цифрлық гигиена» жобалары мен «Ар-ұят және жауапкершілік», «Біздің қоғамдағы әділеттілік», «Іс-әрекеттегі мейірімділік», «Мейірімділік құндылығы», «Күнделікті өмірдегі адалдық», «Этикалық құндылықтарды дамыту», «Отаншылдық және оның мәні», «Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз» тәрбиелік іс-шаралары мен «Бірге болайық» атты ата-анаға мессендж акциясы іске асырылуда. Сондай-ақ ҮЕҰ-мен табысты серіктестік орнатылған.

– Раушан Пернешқызы, ұлттық құндылықтарды оқушы санасына сіңіру бағытында қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар? Жалпы мұғалім, ата-ана, оқушы үшеуін біріктіріп, ортақ мақсатты идеяларды жүзеге асыруға бола ма?

– Қазіргі таңда балаларды мектеп қабырғасында оқу-біліммен қамтып қана қоймай, сонымен қатар оқушыға ең алдымен тәрбие береміз. Бұл бұлжымас қағида. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы» деп ұлы ойшыл әл-Фараби айтқандай, тәрбиесіз білім де, сана да дамымайды. Сол себепті, оқушыға тәрбие беру бағытындағы көптеген жобалар бар. Ол жөнінде жоғарыда атап өттім. 

Сұрағыңызда айтып өткен үштікке келсем, қазіргі таңда «Үштік одақпен» жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында алдымен жойылып бара жатқан немесе ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтарды барынша таныстырып, соларды балалардың санасына қайта сіңіру жолында әрекет етеміз. Рухани құндылықтың не екенін алдымен ата-анаға түсіндіріп жатырмыз. 

Ол үшін осы құндылықтарымызды бірнеше топқа жіктеп алғанбыз. Расында ұлттық құндылықтарымыз – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидалары ғой. Осы орайда ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері сынды ұлтымыздың рухани байлығының арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызыды сақтап, әлемге таната алдық.

Біз осы құндылықтарымызды іріктеп, бес бағытқа бөлдік. Алдымен тәуелсіздік пен тарихымызыды тануды бірінші орынға шығардық. Екінші, ел мен жерді, оны қызғыштай қоруды ұстаным етіп алдық. Содан кейінгі орынға тіл, әдебиет, руханиятты қойсақ, төртінші орынға ұлттық дәстүр және отбасын, бесінші орынға білім мен біліктілікті қойдық. Осылайша жалпы алғанда ұлттық құндылықтарды дәріптеу ұлтты құрметтеуден басталатынын негіз етіп алдық. Бұл бағыттағы жұмыс

тарымыздың нәтижесі де жаман емес. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Жасұлан Сейілхан
18.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.12.2024 54
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖОЛДАРДЫ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 38
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 39
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ҚОС ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.12.2024 135
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 430
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 442
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 427
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 374
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 370
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 446
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 423
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 431

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10693
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9658
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12893
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11860
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16872