Адам – қоғам байлығы. Адам денсаулығы ең қасиетті де құнды, қайталанбас қазына. Сондықтан да адам денсаулығы бүгінгі таңда басты мәселе ретінде мемлекет назарында тұрғаны белгілі. Соның айғағы ретінде Байзақ ауданына жуырда ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев іссапармен келген мезетте ажарлы емхананың жалпы жағдайымен таныса келе, алдағы уақытта денсаулық сақтау мекемесіне қажетті қолдаушылық болатынын айтқан болатын. Содан бері емхана озық медициналық құрал-жабдықтармен толығуда.
|