Референдум Қазақстанның халықаралық беделін асқақтатты

Референдум Қазақстанның халықаралық беделін асқақтатты

Биылғы 15 наурызда өткен референдум Қазақстанның халықаралық беделін асқақтатты. Себебі референдумда қаралған конституция халықаралық нормаларға сай келеді.

 Қазақстанның халықаралық серіктестері болжамдылықты, тұрақтылықты және институционалдық дамуды арттыруға септігін тигізетін конституциялық реформаны құптайды. Қазақстанның Еуропадағы, Азиядағы және өзге де өңірлердегі саяси әрі экономикалық серіктестер мемлекеттік басқару жүйесінің дамуын мұқият бақылайтын болады. Себебі күшті, тиімді және ашық институционалдық құрылымдар ұзақмерзімді ынтымақтастық үшін сенімді орта қалыптастырады.

Жаңа Конституция инвесторлар мен халықаралық саясаткерлер мен институттар арасындағы өзара іс-қимылды нақтылайтын, есептілікті күшейтетін және конституциялық жүйені жаңғыртатын реформалар халықаралық инвесторлар мен саясаткерлердің сенімін одан әрі арттырары сөзсіз.

Қазақстан өңірлік дипломатия мен халықаралық ынтымақтастықта маңызды рөл атқаратын ел. Бұл елдің жаһандық бастамалар мен өңірлік диалогтағы конструктивті серіктес ретіндегі жетекші позициясымен дәлелденеді. Ережелер мен көпжақты ынтымақтастыққа негізделген, хаықаралық қарым-қатынас жүйесін нығайтатын институционалдық реформалар халықаралық өзара іс-қимылды тиімді әрі дәйекті етеді.

“Қазақстанның конституциялық реформасы ұзақмерзімді тұрақтылық пен халықаралық серіктестікті дамыту үшін жағдай жасайды” дейді Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудман.

Руперт Гудманның айтуынша, Қазақстандағы қазіргі саяси өзгерістер мен конституциялық реформа бүкіл өңірге оң әсерін тигізеді.

— Қазақстанның Орталық Азиядағы басты рөлін ескерер болсақ, халықаралық тұрғыдан алғанда да бұл реформалардың маңызы өте зор. Қазақстанның экономикалық, геосаяси және институционалдық тұрақтылығын нығайтуға деген ұмтылысы бүкіл Еуразия өңірінің тұрақтылығы үшін маңызға ие, — деді ол 15 наурыздағы референдум қорытындысына орай Kazinform агенттігіне берген пікірінде.

Сонымен қатар Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы реформаларды жаһандық саясат пен экономикадағы өзгерістермен байланыстырып, олардың Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы серіктестікті нығайта алатынына сенім білдірді.

— Қазіргі геосаяси ахуал өте күрделі және де бұл реформалар көп жағдайда халықаралық тәртіптегі өзгерістерге жауап саналады. Қазақстан энергетика, білім беру, технологиялар, жасанды интеллект, стратегиялық маңызды минералдар, қаржы, өнеркәсіптік өндіріс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және өңірлік көлік-логистикасын дамыту сияқты көптеген салада Біріккен Корольдіктің маңызды одақтасы әрі стратегиялық серіктесі. Мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді сабақтастығын және басқару тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық жүйе осынау маңызды серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді, — деп атап өтті ол.

Халықарлық стандарттарға сәйкестігі туралы да айтқаны көкейге қонады. Ол реформалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы айта келе, Қазақстанның Негізгі заңындағы өзгерістер қазіргі заманғы конституциялық жүйелерде мойындалған қағидаттарды бейнелейтінін атап өтті.

— Демократияны нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесінің айқындығын арттыруға, ашықтықты, тұрақтылықты, тиімділікті және саяси плюрализмді кеңейтуге бағытталған конституциялық реформа бүкіл әлемдегі қазіргі конституциялық жүйелерде кеңінен мойындалған қағидаттарға сәйкес келеді, — деді Руперт Гудман.

«Қазақстан — 2050» Стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама, бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және өзге де тұжырымдамалық құжаттарды тиімді іске асыру озық халықаралық тәжірибені жүйелі зерделеуді, сондай-ақ шет елдердің жетекші оқу және білім беру орталықтарымен өзара іс-қимылды көздейді.

Халықаралық ынтымақтастықты одан әрі шоғырландыру қажеттілігі әлемдік білім беру кеңістігінің жаһандануына байланысты, осы тұрғыда стандарттарды үйлестіру, ғылым мен білім беру саласында инновациялық технологияларды қолдануда жұмыс тәжірибесімен алмасу кадрларды даярлау жүйесін дамытуда елеулі серпін береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық бастамаларын «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында белсенді іске асыруда. Негізгі бағыттар: БҰҰ шеңберіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздік, цифрландыру (Digital Kazakhstan), инфрақұрылымды дамыту және әлемдік державалармен, соның ішінде Беларусьпен стратегиялық серіктестікті нығайту. 

Нағашыбай Қабылбек

17.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24741
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24396
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41841
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37713
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42141