РЕФЕРЕНДУМ – ЖАҢА ҚОҒАМҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН КҮШ!

РЕФЕРЕНДУМ – ЖАҢА ҚОҒАМҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН КҮШ!

5 маусым күні Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өткелі жатыр.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық референдум өткізу ұсынысын халықтың талқысына салу  арқылы, халықпен әркез бір екенін айқындап берді.  Бұл жолғы референдум Ата заңымыздағы реформаларға байланысты өткізілмек. «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп президенттің айтуында үлкен мән, терең астар бар. Демек бұл референдум демократияға тың қадам, болашаққа нық сенім ұялатар жақсы бастама болғалы тұр!

Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткенін еске алсақ, Президент Тоқаев мырза жаңашыл идеяны ортаға тастап отыр. Ол өз сөзінде «Референдум жаңа Қазақстанға бағытталған дұрыс шешім деп ойлаймын. Конституцияға өзгеріс енгізуді халық таңдауы керек, - деп түйіндеуі де,  жолдауда айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағыт алғанын көрсететіндей.   

Сонымен бұл ел тарихындағы үшінші референдум 27 жылдан кейін өткелі тұрған.  Яғни,  бұл демократиялық әділ қадам. Халық өз тағдырын өзі шешуге зор мүмкіндік туып тұр. 

Нақтылап айтсақ, 5 маусымда өтетін референдум – «Жаңа Қазақстанды бірге құру» идеясын іске асыру жолы. Ескіден арылып, жаңашылдыққа ұмтылуға талпыныс.  Таңдау жасау, талдау жасау, өткеннен сабақ алу – жастарға сенім арту – бәрі заң аясында жүзеге асатын шара.

Түсінікті болу үшін тарқата кеткенді жөн көрдім. Референдум - мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу деген мағынаны беретін ұғым. Алғаш рет бұл сөз 1802 жылы Швейцарияда қолданылыпты. Содан бері ол елде 521 рет өткізілген. Ал тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум сонау 1995 жылы өткізіліп, бірауыздан Ата Заң қабылданды. Содан бері екі мәрте өзгеріске ұшырады.

Қазақстанда 27 жыл бойы референдум болған жоқ. 1995 жылдан бастап барлық конституциялық түзету Парламент арқылы қабылданды. Қазақстандықтар үшін референдум туралы ұсыныс күтпеген жағдай болды, онымен келіспеуге болмайды. Бірақ бірнеше маңызды мәселені атап өту керек. Біріншіден, өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының үштен бір бөлігіне қатысты болмақ. Мұндай көлемді өзгеріс бүкілхалықтық референдум арқылы өткізілуі заңдылық. 

Екіншіден, Президент өз сөзінде Жаңа Қазақстан, ең алдымен, жалпыұлттық бірлік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру екенін айқын көрсететінін тілге тиек етті. Демек, референдум қайталап айтамын – «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» идеясын іске асырудың жолы.

«Еуразиялық мониторинг» талдама зерттеу орталығының директоры Әлібек Тәжібаевтың сараптауына көз жүгіртейік: «Референдум өткізілгеннен кейін (түзетулер қабылданған жағдайда) іргелі өзгерістер 5 негізгі бағытта көрініс табады:

➢ Біріншіден, саяси жүйені терең демократияландыру бағытында;
➢ Екіншіден, супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу бағытында;
➢ Үшіншіден, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің екі палатасының қызметін қайта жүйелеу және Мәжілістің ролін күшейту, Конституциялық сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тоқтатылуы мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру;
➢ Төртіншіден, сайлау жүйесін демократияландыру - аралас пропорционалды - мажоритарлы модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру;
➢ Бесіншіден, мәслихаттардың ролін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру», - дейді ол. 

Бұған менің алып-қосарым: Референдум өткізудің маңыздылығы қоғамның барлық санат-тарына саяси реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл құралды біздің жастарымыз да толық көлем¬де пайдалануы тиіс. Алаш арысы, ғажап ақын Мағжан Жұмабаевтың:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!...» дейтін кезеңі келді.

Ерекше айтатын жайт, Президент Қазақстан халқына жолдауында жаңа саяси реформалардың тұжырымдамалық негіздерімен таныстырды. Оның ішінде жоғарыда айтылған суперпрезиденттік басқару формасынан парламенті мықты президенттік республика тәсіліне түбегейлі өту туралы сөз болды. Бұл дегеніміз, келешек ұрпаққа, болашақ ел басқаратын президентке аманат десек те болады. Болашақ президент айналасына өз туыстары мен жақындарын жинамауы керек. Бар лауазымды қызметте бір әулеттің адамдары отырмауы тиіс. Суперпрезидент емес халық үшін, халықтың мддесі үшін қызмет ететін елбасы болу шарт. Мықты президенттік республика болса, ықпалды парламент президентті бақылайды. Бұл болашақта өте маңызды баланс болады.

Енді осы референдумнан не күтеміз деген сауалға жауап бере кетсем. Әрбір қазақ елінің азаматы осы референдум аясында өздерінің ұсыныс тілектерін білдіре отырып,  болашақ Жаңа Қазақстанның қалыптасуына өздерінің сүбелі үлесін қосады. Баршамызға ортақ мүдде үшін қазір бір арнаға тоғысатын кез келді. Қазір әрбір еліміздің тұрғынының міндеті референдумға барып, дауыс бере салу емес, алдағы өзгерістердің жүзеге асуына жауапты екенімізді ұмытпайық. Бұл біздің келесі ұрпақ алдындағы елдік тұрғыдағы парызымыз, – деп ойымды түйіндемекпін.

Яғни, Жаңа Қазақстан бұл жай ғана ұран емес, бұл жаңа қоғам құру қағидаты, – деп атаған дұрыс-ау.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика кафедрасының э.ғ.к,, доцент м.а. Тураров Д.Р.
27.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 8
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548