Совкомбанктің бас талдаушысы Михаил Васильев: «Мәскеу биржасында ресейлік инвесторлар теңгені сатып алуда белсенділік танытуда. Оған ең алдымен сыртқы сауда қызметінде ұлттық валютаға ауысатын компаниялар мен банктер тарапынан сұраныстың артуы ықпал етіп отыр. 18 қарашада Мәскеу биржасында қазақстандық теңгемен сауда-саттық көлемі 1,13 миллиард рубль болды, бұл барлық уақыттағы максимал көрсеткіш. Жалпы алғанда, өткен аптада инвесторлар қазақстандық валютамен 4,2 миллиард рубльге сауда жасады, бұл өткен аптамен салыстырғанда 7 пайызға және жаз айларының мәндерінен 3-4 есе жоғары. Инвесторлардың теңгедегі белсенділігінің артуы негізгі валюталық жұптармен сауда көлемінің жалпы төмендеуі аясында болып отыр. ТМД елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен тығыз саяси және экономикалық байланыстар жолға қойылған елдермен мұны істеу оңай әрі жылдам. Бұдан басқа, Қазақстан логистикалық хабтардың біріне айналды, ол арқылы Ресей Федерациясының бірқатар экспорттық-импорттық операциялары жүріп жатыр», – десе, «БКС Мир инвестиций» қор нарығының сарапшысы Валерий Емельянов: «Жаздың басынан бері теңгедегі айналымның өсуі бизнес мүддесі үшін шетел валютасын сатып алатын банктердің сұранысымен байланысты болып отыр. Ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Ресей Федерациясынан, оның ішінде Қазақстанға белсенді түрде кеткен жеке инвесторлар тарапынан да теңгеге қызығушылық артты», – деп санайды.