РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

СҚО бойынша республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Оның 140 шақырымына асфальт-бетон төселмеген, тек қиыршық таспен жабылған. Жергілікті бюджет қаражаты учаскелерді жөндеуге жетпегендіктен, бұл жолдар 2019 жылы облыстық меншіктен республикаға берілген.

«Волошинка – Сергеевка – Тимирязев» автожолының ұзындығы 119 шақырымды құрайды. Оның 54 шақырымына қиыршық тас төселген. Былтыр Кривощековадан Новопокровка елдімекеніне дейінгі 15 шақырым жолға асфальт төселді. Бүгіндері Волошинко ауылына дейінгі 18 шақырым жол жөнделіп жатыр. – Жұмыстар былтыр басталды. Республикалық маңызы бар бұл жолды шілде айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұрын бұл жолдардың жағдайы нашар еді. Халық 15 шақырымды 1 сағатта жүріп өтетін. Ал қазір жағдай оңалды. Біздің 3 асфальт өндіретін зауытымыз бар, – дейді «Жол-құрылыс трест СК» ЖШС директоры Степан Носов. Былтыр Тимирязев ауданындағы республикалық маңызы бар 7 км жолда орташа жөндеу, Мерген ауылынан Сергеевка қаласына дейінгі 20 км жолды қайта өңдеп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жолдардың барлығы тиісті нормаға сай, Ұлттық сапа орталығының тексерісінен сәтті өтті. – Ұлттық сапа орталығының СҚО бойынша қызметкерлері жыл басынан бері «Волошинка – Сергеевка – Тимирязев» бағытындағы жолға 5 рет тексеру жүргізді. Нәтижесінде жолдан 6 сынама алынды. Барлығы тиісті нормаға сәйкес. Жұмыс сапасы туралы ескертулер болған жоқ, – дейді Ұлттық сапа орталығының СҚО бойынша жол активтері орталығының инженері Азамат Шубеков. «Қазавтожол» филиалы мамандары 2025 жылға дейін өңірдегі барлық республикалық маңызы бар жолдарды асфальт-бетонды жабындыға көшіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, биыл ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 10 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Нұрсайын ШӘРІП, СҚО облысы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Аудан әкімі ардагер спортшыларды марапаттады
Талас аудан әкімдігі - 06.07.2022 33
АУЫЛАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Жамбыл ауданы - 06.07.2022 25
164 түлек ауылға жолдама алды
Сейсен ҚОЖЕКЕ. Меркі ауданы. - 06.07.2022 21
Ардагер аяқдопшылар алтыннан алқа тақты
Нарбол ҚАШАҒАН, журналист. Талас ауданы. - 06.07.2022 21
Әділ Қазақстан: Әлібидің азабы
Анықтама жасаған – Абзал Құспан, заңгер - 30.06.2022 182
Абылай хан туралы ащы щыңдық
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, Мадрид және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.к. - 30.06.2022 189

Топ жаңалықтар

1
Басты мақсат – жас спортшылар қатарын көбейту
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 66
2
«Алтынордалықтардың» алтыншы қойылымы
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 97
3
Оң баға берілді
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 68
4
Еңбектенемін деген жасқа мүмкіндік мол
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 68
5
Дәстүрлі спартакиада
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 71