Ринат Зайытов:
Көтерем деп келіп тұрмын Аманатты.
Сол үшін халқым мені таңдап апты.
Құдайым, сүріндірме тіл мен жақтан!
Қыла көрмей ешкімге жаманатты.
Билетем деп келгем жоқ құмырсқаны
Қазақтың қазақпенен ұғысқаны.
Ассалаумағалейкум, армысыздар!
Депутат болып жатқан, туыстарым.
Сен менен не әкелдің деп сұрама,
Үлкен жүк алып келдім осы жерге,
Артсын деп қазағымның ырыс бағы.
Ассалаумағалейкум, Алаш жұрты!
Басшысы бар Тоқаевтай кемел ұлы!
Қазақтың қамын жеген ерен ұлы.
Мәжілістің төріне келіп қапсыз,
Айтпасқа бүгін бізге неге мұны!?
Ассалаумағалейкум, қалың елім!
Дауыс беріп қолдаған барым менің!
Япыр-ай депутат болу ауыр не еткен
Ту сыртымнан біреуді күбірлеткен.
Кешегі ақын ағам әріптес боп,
Депутат болады деп ойладым ба,
Талай тойды думандатып, дүбірлеткен.
Ал, аға Мәжіліске қош келіпсіз!
Құдайым ғұмырыңды ғұмырлы еткей.
Армысыздар, журналист, блогерлер!
Депутат болып жатқан, ақын қауым,
Жұрттың сөзін елемей түгі кетпей!
Ассалаумағалейкум, партиялар
Өздерін өзі сайлап тұғырлы еткен!
Кеешегі жыраулардың ізімін мен,
Айтысқа келген сайын дүрілдеткен.
Партия, саясатын былай қойып,
Нұрсұлтан атаны да дірілдеткен....
Аманжол Әлтаев:
Сарыарқаның түлеп ұшқан дүрі едім мен,
Ойын, той, айтыстардың гүлі едім мен,
Расында Мәжілісте кездесем деп ойладым ба,
Ринаттай өр Алтайдың түлегімен!
Қош келіпсің, бауырым Мәжіліске!
Орын тауып халықтың жүрегінен.
Ассалаумағалейкум, қалың елім,
Өзінің шатаспайтын түренінен.
Кәрі-жас бәрі келіп дауыс берді,
Желпігендей Бұхараның жібегінен.
Ассалаумағалейкум, әріптестер!
Қуаныш байқап тұрмын реңінен.
Шық бермес сараң байлар секілденбей,
Жұмыс жасау бұйырсын бәрімізге.
Азаматтар болайық жүрегі кең.
Өлеңім – бойтұмарым Хақтан берген,
Сарқылмас қазынам бар сақтап келген.
Бір сәлем Аманаттай партияға.
Төрінен ойып тұрып орын берген.
Мен келдім Бекболаттар шу шығарып,
Амангелді Айталы, Уәлихандар,
Ер Шерхандар от-шырақ жаққан жерге.
Ассалаумағалейкум бәріңізге!
Депутат боп кеп жатқан мақтаулы елге...