”РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2023” ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

”РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2023” ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
”Достық үйінде” мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2023» фестивальінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.
▫️Фестивалдің облыстық іріктеу кезеңіне 70-ке жуық үміткердің өтінімі сараланып, кітапхана, музей, мәдени-демалыс ұйымдары арасынан 17 номинация бойынша 39 қатысушы бақтарын сынады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай облыстық іріктеу кезеңінде алғаш болып сөз алып, фестивальге қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Бүгінгі маңызды шара барысында облыс көлеміндегі кітапхана, музей, мәдени-демалыс ұйымдары арасынан талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен қызметкерлер анықталып, республикалық фестивальге жолдама алатын болады.
2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан фестивальде 5 жыл бойы біздің өңір түрлі салалар бойынша жеңімпаз атанып, жүлдемен оралды. Осы дәстүр жалғасын таба береді деген сенімдемін», - деді Ерлан Нұрманұлы.
🔹Төрт сағаттан аса уақытқа созылған облыстық іріктеу кезеңінде Қордай, Шу, Талас, Меркі т.б. облыс аудандарындағы музей, кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлері креативті жобалары мен арнайы жұмыстарын байқау ережесіне сай қорғады.
~ Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысына сәйкес, 14 номинация бойынша үздік деп танылғандар 27 қараша-1 желтоқсан күндері Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы
02.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 15
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 17
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 19
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 19

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1175
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7221
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11086
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7287
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7432