Рыбакинаның керемет нәтижелері

Рыбакинаның керемет нәтижелері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) жарыстың қорытындысы бойынша мансабында алғаш рет WTA 1000 санатындағы турнирде чемпион атағын жеңіп алды. Ол ақыры Арина Соболенкоға есе қайтарып, Әлемдік рейтингте 3 саты жоғары көтеріліп, әлемнің 7-ракеткасы атанды. Оған қоса жарты миллиард теңгеден астам қомақты табыс тапты. Бірақ 23 жастағы теннисшінің бұл додадан кейін демалуға уақыты болмады. Енді Рыбакина АҚШ-тың батыс бөлігінен, Калифорния штатынан елдің шығыс жағалауына – Майамиге жол тартты. Онда жүлде қоры 8,8 миллионды құрайтын WTA 1000 турнирінің екінші айналымынан бастады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасып, 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. OptaAce мәліметінше, бұл Рыбакинаның WTA мансабындағы қатарынан тоғызыншы жеңісі болды. Бұған дейін екі рет жеті матчтан тұратын жеңісті серияға қол жеткізіп, оның бірінде 2022 жылы Уимблдонда чемпиондық титулға қол жеткізген-ді.

 

Елена Майамиде жеке рекордын жаңартты

Теннисші Елена Рыбакина жеке рекордын жаңартты

Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің үшінші айналымында қазақстандық Елена Рыбакина   испаниялық Паула Бадосадан басым түсті. Тартысты матчта Елена 3:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы жеңісінің арқасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің жеке рекордын жаңартты. Бұл оның WTA-дағы қатарынан 10-шы жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық теннисші екі рет қатарынан жеті матчта жеңіске жетіп, 2022 жылы Уимблдонда чемпиондық атаққа қол жеткізді. Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңінде испаниялық Паула Бадосадан басым түскен матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді. «Мен бірінші сет жақсы өтті деп айта алмаймын. Бірақ соңында барымды салдым. Допты ойынға қосуға көбірек көңіл бөлуге тырыстым және кортта жақсы қозғала бастадым. Бұл расымен де қиын жекпе-жек болды. Әр сәтке назар аударуға тырыстым. Жалпы қарсыласым жақсы ойнады. Үш сетте де жеңіске жеткеніме қуаныштымын!» – деді Рыбакина WTA ресми сайтына берген сұхбатында. Физикалық және психологиялық тұрғыдан соңғы екі көктемгі WTA 1000 турнирлері – Индиан Уэллс пен  Майамиде жеңіске жету өте қиын. Бұл көп күш пен мотивацияны қажет етеді. Тарихта тек төрт теннисші ғана – Штеффи Граф (1994, 1996), Ким Клайстерс (2005), Виктория Азаренка (2016) және Иге Швентек (2022) қатарынан екі турнирде жеңіске жеткен. Биыл осылардың қатарына сары қызымыз да қосылады деген ойдамыз. 

 

Жас теннисшілерге 35 миллион аударған Лена қыз

Елена Рыбакина перечислила 35 миллионов тенге будущим звездам тенниса в  Казахстане | Спортивный портал Vesti.kz

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржылай қолдау көрсетті. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген еді. Таяуда Елена Астанада қаңғыбас жануарларды құтқарумен айналысатын «СтопОтлов» еріктілер қозғалысына қаржы аударды. Ал       жуырда Қазақстанның бірінші ракеткасы жас қазақстандық теннисшілердің болашақта өзі сияқты топ-ойыншы болуы үшін қарқынды дамуына қаржы бөлді. Рыбакина кімге қолдау көрсету керектігін өзі таңдады. 14 ойыншы 2,5 млн теңгеден алды. Қазақстандық және халықаралық ареналарда жеңіске жете бастаған қыздардың әрқайсысы өзінің теннистегі тарихын айтып, Еленаға хат жазды. Бастапқыда Еленадан бөлінген қаржы аздау еді, кейін Уимблдон жеңімпазы грант саны мен көлемін көбейтті.

Рауан Мутаир
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 19
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 50
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 32
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 58

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1205
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7250
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11116
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7315
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7461