Сәби аңсаған ата-ананы арманына жеткізген бағдарлама

Сәби аңсаған ата-ананы арманына  жеткізген бағдарлама

Осыдан бір ай бұрын Орал қаласында «Аңсаған сәби» президенттік бағдарламасы аясында бір сәби дүниеге келген болатын.

Батыс Қазақстан облысы бойынша аталмыш бағдарламамен дүние есігін ашқан алғашқы нәресте туралы сүйінші хабарды облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет» деген болатын.

Президенттің осы тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың басынан елімізде «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы бастау алды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – көмекші репродуктивті технологиялардың көмегімен Қазақстандағы демографиялық жағдайды жақсарту. Бұл мәселені шешу үшін биылғы жылы «Медициналық сақтандыру қоры» экстракорпоралды ұрықтандырудың 7000 циклын қаржыландыруды жоспарлаған. Жасанды ұрықтандыруды жасату квоталарының саны өткен жылмен салыстырғанда 7 есе өсті.

Президенттік бағдарлама аясында біздің облысымызда алғашқы болып өмірге келген нәрестенің анасы 34 жастағы Ольга (есімі өзгертілді) «Репродуктивті медицина» институтының репродуктолог дәрігер Людмила Аркадьевна Бадельбаеваға жүгінген. Төрт жыл нәтижесіз емделуден кейін «Аңсаған сәби» президенттік бағдарламасының арқасында жерлесіміздің көптен күткен арманы орындалды. Ол осыдан бір ай бұрын Орал қаласында салмағы 3250 грамм, дені сау қыз баланы дүниеге әкелді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823