Шағын ауылдың шырайын кіргізген «Шаңырақ»

Шағын ауылдың шырайын кіргізген «Шаңырақ»

Шағын ғана Тәттібай Дүйсебайұлы ауылында кәсіпкерліктің түр-түрі дамыған десе, сенесіз бе?! Бұл ауыл ежелден саудагерлер ауылы деп аталған. Мал саудасы, қазақтың ұлттық сусыны қымыз саудасымен кең танылған.

Тәуелсіздік жылдарының алғашқы кезеңдерінде бұл ауылда бір ғана дүкен бар болса, қазіргі таңда бір киім дүкені, бес азық-түлік дүкені халық игілігі үшін сапалы қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, ауылда ірі шаруа қожалықтар да жетерлік. Барлығы да өз кәсіптерін өрге домалатып отыр. Мұның өзі бұл ауылда еңкейген қарт пен еңбектеген балаға дейін еңбекқор екендігінің дәлелі болса керек.

«Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» демекші, ауыл халқы үшін бағасы қолжетімді азық-түлік дүкендерінің көптігі көңіл қуантарлық жайт.

Ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Нұрқасым Дербісәлиев ауылдың кіреберісінен екі қабатты бизнес кешенін ашты. Бизнес кешенінің атауы «Шаңырақ» деп аталады. Бұлай деп аталуының да өзіндік себебі бар. Шаңырағымыз биік болып, кәсібіміздің тасы өрге домаласын деп ырымдағаны ғой.

Айта кету керек, Нұрқасым Қалмаханұлы ауылдағы №28 Амангелді атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет етіп келе жатқанына 18 жылдай уақыт болған. Қазіргі таңда аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.

Өмір жолын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаз бүгінде кәсіпкерлікке мықтап ден қойған. Өз қаражатына бизнес кешенін ашып, жұмысын бастап кетті.

Бұл бизнес кешенінің екінші қабатында сұлулық салоны, ерлер шаштаразы жұмысын жүргізіп отырса, бірінші қабатта азық-түлік дүкені орналасқан.

Бұл кәсіппен Нұрқасым Дербісәлиевтің отбасы мүшелері толық қамтылған. Ерлер шаштаразында кәсіпкердің үлкен ұлы Нұрбақыт жұмыс істесе, сұлулық салонында үлкен қызы Қазына ауыл қыз-келіншектерінің тырнағын әрлеп, шашын сәндеу жұмыстарын жүргізеді. Екеуі де Тараз қаласындағы арнайы курстарға қатысып, сертификаттарын иеленген.

Ал, кіші қызы Бірханым және ұлы Нұрислам дүкен ісіне қолғабыс етуде. Ұл-қыздары ауылдағы мектепте оқиды. Барлығы сабақта үздік, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады.

Кәсіпкердің жары Сандуғаш Дербісәлиева ауылдық кітапхананың меңгерушісі. Ерлі- зайыптылар негізгі жұмыстарынан қолы қалт еткенде дүкен ісіне кіріседі.

Еңбекқор жанның алға қойған жоспарлары баршылық, бірақ мемлекет тарапынан қаржылай қолдау болса нұр үстіне нұр болатынын айтады кәсіпкер.

– «Кім тәуекел етпейді, сол мақсатына жетпейді», деген қанатты сөз бар дана халқымызда. Сол секілді, отбасымның қолдауымен тәуекелге бел буып, осы кәсіпті бастауды жөн көрдік. Әуелі ауылға қандай кәсіп керек деп, жан-жақты ойландық. Не керек екенін түсінген бойда осы кәсіпті жолға қойдық. Әрине, жалғыздың үні шықпайтыны белгілі. Сондықтан да маған үйдегі 81 жастағы анам – Аманкүл, жарым – Сандуғаш және ұл-қыздарым қолдау көрсетіп келеді. Жанашырларыма айтар алғысым шексіз. Ұл-қыздарымды да арнайы курстардан өткіздім. Бүгінде ауыл тұрғындарының үлкені де, кішісі де шаштаразға келіп шаштарын қидырады, ал, қыз-келіншектер шаш, тырнақ әрлетеді. Өзіңізге белгілі, ауыл тұрғындарының көбісі моншаға түсу үшін көлік жалдап аудан орталығына қарай сабылады. Одан бөлек, жаздың күндері ауыл балалары бассейнде шомылу үшін де ауданға, одан қала берді қалаларға барады. Міне, осы мәселелерді назарға ала отырып, ауыл тұрғындарының игілігі үшін монша, бассейн, көлік жуу, көлік жөндеу орталықтарының құрылысын бастауды жоспарлап отырмын, – дейді Нұрқасым Қалмаханұлы.

Кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, ебін тауып, өрге домалатып отырған мұндай еңбекқор жандарды көргенде көңіліңе қуаныш ұялайды.

Мақпал СҮЙІНБАЙ Жуалы ауданы
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 381
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 964

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9042
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646