Елміздің экономикалық өсуінің басты көрсеткіші және оны ары қарай дамытушы шағын және орта бизнес болып табылады.
Бизнестің алға бастыруда, қолға алынып жатқан бағдарламалардың берері мол.
Кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау және сүйемелдеу жергілікті атқарушы органдар жұмысының басым бағыттарының бірі.
Ауданда бүгінгі күнде 4 845 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде, заңды тұлғалар 222, жеке кәсіпкерлік 3312, шаруа қожалықтары 1413.
Белсенді шағын және орта бизнес субъектілері – 4243.
Жұмыс жасап тұрғандардың саны былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,8%-ға артқан.
Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінде 5612 адам жұмыспен қамтылған.
Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша жеңілдетілген 6 пайыздық несиенің кепілдік беру тетігі және пайыздық ставканы субсидиялау арқылы 5 жоба 112,0 млн. теңге көлемінде қаржыға қол жеткізді.
Жаңатас қаласынан 3 жоба, Байқадам ауылдық округінде 1 жоба, Тоғыкент ауылдық округінде 1 жоба іске асырылды.
Алдағы уақытта бағдарламаның кепілсіз 5 млн.теңге беру бөлігі іске қосылғаннан бастап, жобалар санын 150 кәсіпкерге жеткізу жоспарлануда.
Ал «KMF» микроқаржыұйымы» ЖШС-нің Жамбыл филиалы Жаңатас бөлімшесі арқылы «Бизнес бағдарламасы» бойынша осы жылдың 5 айында ауданда жалпы 334 жоба 352 млн. теңге көлемінде несиеге қол жеткізді.
Жаңатас қаласымен барлық ауылдық округтерге кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың шарттары енгізілген арнайы таратпа парақшалары жасалынып, таратылып және ауылдық округтерді аралап түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Кәсіпкерлік бағытындағы жұмысты оңтайландыру мақсатында келушілер базасы жасақталған.
Жыл басынан 310 жеке кәсіпкерлерге және жеке азаматтарға қызмет көрсетілді.
Оның ішінде 47 азаматқа қайтарымсыз грант, 242 кәсіпкерге қаржылай несие, 21 азаматқа басқа сұрақтар бойынша қызмет көрсетілді.
Аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдаулар жалғасын таба береді.