Сайыстың сәні әйелдер командасы болды

Сайыстың сәні әйелдер   командасы болды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі: «Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Үш күнге созылған жарыс тартысқа толы болды. Чемпионаттың ашылуына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты. Республиканың барлық аймақтарынан 19 команда бақ сынасты. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамалары кедергілермен жүз метрге жүгіру, мұнараның 4-і қабатының терезесіне сатымен көтерілу бойынша сайысқа түсті. Жарысты ұйымдастырушылар таратқан ақпаратта: «Сайыстың сәні әйелдер командалары болды. Әсіресе, Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан Қостанай қаласынан келген Айнұр Бажеваның көрсеткіші талайды таңқалдырды. Алдымен Айнұр кедергілермен жүз метрді 17,36 секундта жүгіріп өтті. Содан кейін 17,21 және шешуші сәтте межені 16,97 секундта бағындырды», – делінген. Байрақты бәсеке қорытындысы бойынша, ерлер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі төмендегідей болды: 1 орын  – Атырау облысы, 2 орын – Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орын – Маңғыстау облысы. Әйелдер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі: 1 орын – Нұр-Сұлтан қаласы, 2 орын – Түркістан облысы, 3 орын   – Ақмола облысы. Жасөспірімдер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі: 1 орын – Шығыс Қазақстан облысы, 2 орын – Ақтөбе облысы, 3 орын  – Батыс Қазақстан облысы. 

Ермек Сахариев
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5005
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5171
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20126
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18771
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22227