Сал серілер ана тілін ардақтап жүр.

 Сал серілер ана тілін ардақтап жүр.

Қазақстан Республикасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығы, ҚР рәміздерінің 30 жылдығы аясында салт аттылар жорығы «Арқа жері – сал серілер елі» атаумен Аршалы ауданы аумағынан  тамыз айының ортасында аттанған болатын. Жорықшыларды Аршалы ауданынынан қазақ мәдениетін дәріптеуші қауым, ауыл ақсақалдары  қазақтың бір туар батыры, сері сазгер, балуан халық батыры Иманжүсіп Құтпанұлының зиратына басында ислам дінінің рәсімін ұлықтай отырып шығарып салған.

Жорықшылар  тобында қазіргі заманның  өнерпаз сал серілері, күш иесі балуандар және соңғы кезде сиреп кеткен қазақтың  жеті қазынасы тазы итін қорғауға құлшынған аңшылар,  басқада өнер иелері бар. Сал аттылар жорығы Аршалыдан соң екінші болып Целиноград ауданына ат басын тіреді. Целиноград ауданның мәдениет қызметкерлері, өнер сүйер қауымы серілерді құрметпен қарса алып, ән жырдан шаушу шашып, құрметпен қарсы алды. Ауыл өнерпаздары серілермен қосылып,   әлемге әйгілі балуан, күш атасы Қажымұқан аталарының алып ескерткіші алдында өнер сүйер қауымды, әнмен жырға бөледі.

Сал серілерді келесі кезекте Ақкөл ауданының өнерпаздары, спортшылары, ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер ақ шаңқан  киіз үй тігіп қарсы алып, өз өнерлерін тамашалатса, Біржан сал ауданның халқы,  мәдениет қызметкерлері алтыбақан құрып, шашу шашып қарсы алыпты. Біржан елі, жорықшыларды салт атылардың қошеметімен қарсы алып,  салдардың  саңылағы  Біржан сал бабамыздың аруағына құран бағыштап, қабіріне зиарат жасатты. Біржан сал ауданынан соң, іргелес  Бұланды ауданның өнер сүйер қауымы салт атты жорықшыларды «елу бір пұт гирдің тасын көтерген, алып күш иесі, қазақ ұлтының жоғын жоқтаушы, қамқоршысы, халық батыры  Балуан Шолақ бабасының басында қарсы алып, діни рәсім жасап, қонақтарға ауыл өнерпаздары ән күймен шашу шашып, соңынан серілердің өнерін тамашалап, келесе ауылға аттандырыпты.

 Кездесу кештерінде серілер тобындағы дәстүрлі әншілер  Бек Мыңбай, Еркебұлан Сәрсенбековтер өз өнерлерін елге танытып келеді.

Целиноград, Ақкөл, Бұланды, Біржан сал, Бурабай, Зеренді аудандарында жалғасатын  болса, бүгінге дейін алғашқы төрт   ауданды аралап, үгіт насихат жүргізіп, өнерлерін көрсетті. Ендігі соңғы аялдамалар Бурабай, Зеренді аудандары.

Дахан Шөкшир
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 11
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639