Самарқандқа саяхат

Самарқандқа саяхат
"Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жоспарына сәйкес қараша айының 2-3 кундері 50 шақты ардагерлерімізді Самарқанд қаласына саяхат жасап қайттық.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Ә.Әбдікешованың ұйымдастыруымен ардагерлерге Дмитрий И компаниясынан Өзбекстан шекарасына дейін өте жайлы автобус бөлініп, шекарадан өткен соң да, келісім шартқа отырған компанияның жайлы көлігімен Самарқанд қаласына жеттік.
Екі күндік сапар барысында қаланың тарихи, мәдени ескерткіштерімен таныстық. Саяхаттың бірінші күні өз дәуірінде жарты әлемді жаулаған Падишах, Ұлы жиһангер Әмір Темірдің денесі жерленген “Гур-Эмир” кесенесін араладық. Ерекше архитектуралық үлгімен салынған, ішкі ою-өрнектері түгелдей алтынмен апталған, бұл кесенеде оның ұлдары Шахрух пен Миран-шах және немересі Ұлықбек жерленген.
Келесі саяхат нысаны қаланың орталығындағы “Регистан” алаңы болды. Бунда бабамыз Жалаңтос Бахадур Сейітқұлұлы салдырған “Шердор”, “Тилла қадир” және Ұлықбек медреселері орналасқан. Бұл 3 медресе де әлемге өз архитектуралық ерекшелігімен танымал. Әр қайсысы әр кезеңде салынса да, бірегей ансамбль болып, біздің заманымызға баға жетпес бабалар мұрасы ретінде жетіп отыр.
Қаладағы қайталанбас тарихи ескерткіштердің бірі, әрі бірегейі “Биби-Ханум” мешіті. Әмір Темірдің сүйікті жары, Моғолстан мемлекетінің ұлы ханы Тоғылық Темірдің қызына арнап тұрғызылған сәулет өнерінің туындысы ардагерлерді ерекше әсерге бөледі.
Осымен бірінші күнгі экскурсиямызды аяқтап, кешке қарай Европа үлгісіндегі жайлы қонақ үйге келіп демалдық. Келесі күні ардагерлер Әмір Темірдің ең жақын адамдарымен орта Азияға белгілі тұлғалар жерленген “Шахи Зинда” зират-пантеонына келдік. Бұл әлемге әйгілі қорымда Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Кусама ибн Аббас сахабаның кесенесі ерекше орын алады екен.
Зират-Қорым ХІ ғасырдан бері осы кісінің құрметіне “Шахи Зинда”(тірі Шах) деп аталған. Осынау ұлы әруақтар жатқан қасиетті орында Тараз қаласының ардагерлері атынан арнайы құран оқылды.
Келесі барған тарихи орын “Ұлықбек” обсервоториясы деп аталады. Кешеннің алдында әрі әмір, әрі ғалым Ұлықбектің еңселі ескерткіші орнатылған. Ескерткіш алдына естелікке суретке түсіп, ұлы ғалымға бағыштап құран оқыдық. Кезінде діндәрлар талқандаған обсервоторияның қалдығын көріп болған соң, Өзбекстан республикасының бірінші президенті Ислам Каримовтың мәңгілік мекеніне бет алдық. Бұл жерде VIII-IX ғасырларда салынған мешіттің үстіне қайта тұрғызылған сәулет кешенін аралап, Ислам Каримовтың жатқан жеріне зиярат жасадық.
VIII-IX ғасырларда салынған сәулет өнеріне жалғаса тұрғызылған (осы қорымда И.Каримовтың әке-шешелері де жерленген) И.Каримовтың кесенесі өте үйлесімді ансамбль құрғанына қарап, өзбек халқының бірінші президентіне деген құрметін анғардық.
Самарқандтағы тарихи орындарды аралап болған соң, түс қайта жолға шықтық. Жолай ел астанасы Ташкент қаласына соғып, қала орталығын аралап “Ташкент сити” сәулет орталығын тамашаладық.
Тараз қаласы ардагерлерінің Өзбекстанға жасаған екі күндік саяхатын Жамбыл облысы бойынша коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігі Ассоцияциясының (төрайымы Зәуірбекова Айнұр) қаржыландыруының арқасында аса құнды тарихи мұраларды аралап, олардың терең тарихын тануға жағдай жасағаны үшін ардагерлердің алғысы шексіз.
Топ жетекшісі Сауранбек Жамалбеков".
Темурлан Турдалин
12.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 70
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 30
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 36
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 31
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 65
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 70
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565