«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары өңірлерде әлеуметтік жобаларды дамытуды қолдайды және ауылдық жерлердегі нысандарды дамыуға ерекше назар аударады. Жамбыл облысының Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек және Ұланбел ауылдарында биыл әлеуметтік мақсаттағы нысандар салынып, пайдалануға берілуде.
Бүгін Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылында воркаут пен баскетбол алаңының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өкілдері, Талас ауданының әкімі, және «Дамыған әлем» қорының басшысы, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
«Биыл «Амангелді» газ кен орны өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы іс-шараның құрметіне біз «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Жамбыл облысындағы бірқатар әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды қолдадық. Жерлестерімізге, балаларымыз бен қарттарымызға, туған өлкемізге қамқорлық жасау-біз үшін басты басымдық», — деп атап өтті «Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС Бас директоры Алмас Қуандықов.
Жамбыл облысы ауылдарының әлеуметтік инфрақұрылымын салу және жақсарту жобасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үш жақты серіктестігі (бизнес-әкімдік-коммерциялық емес ұйымдар) шеңберінде жүргізілуде. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС қатысуымен қаржыландырды.
Жамбыл облысы ауылдарының бір бөлігінің инфрақұрылымын кешенді дамыту» жобасы спорттық инфрақұрылымның қазіргі заманғы объектілерін, қоғамдық кеңістіктерді, балалар алаңдарын және жақын маңдағы көлік артерияларынан жасыл желектерден табиғи қоршауларды жайластыруды қамтиды.
Жоба шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделген:
— Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылында, Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында және Ойық ауылында балалар ойын, воркаут және баскетбол алаңдарын орнату;
— Талас ауданы Ойық ауылдық округінің Сейлбек ауылында футбол алаңын жасанды жабу құрылғысы;
Жоба сонымен қатар «Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылы мен Талас ауданының шешен ауылындағы су ұңғымаларын күрделі жөндеу және тазарту бойынша жұмыстар көлемін өз бетінше орындау бөлігінде қолдау тапты.
Жобаның бастамашылары «Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ және «Дамыған әлем» Қоғамдық Қоры болды.