Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздегі «Самұрық-Қазына» қорының активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Яғни осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың KEGOC, ҚТЖ сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма?! Яғни: «Ұлттық байлықты еселей алды ма? Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады?! Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?!»,— деген орынды сұрақ туындайды. Сондықтан Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер қорда реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн»,— деді.