Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкеловке: «Жалпыұлттық санақ арқылы алынған азаматтардың мәліметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақтала ма?»— деген сауал қойылды. Ол бұған: «Жоқ, санақ деректері біздің серверлерде сақаталады. Бірақ деректердің қауіпсіздігі мен тасымалдануы арнайы органдар қойып отырған талаптардың бәріне сай. Бұл жерде қауіпсіздік тұрғысынан ғана органдар талап қоятынын айтып отырмын. Халық санағы басталған күннен бастап екі апта өтті. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта ол тек онлайн режимде өтіп жатыр. Санақ сұрақтарына жауап беруді бірнеше тәсілі бар. Бұл — арнайы Sanaq.gov.kz сайтын, eGov порталында авторзациялану арқылы, Aitu мобильдік қосымшасын пайдалану мүмкіндігі бар. Бүгінгі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, санақтан 3 млн 24 мың азамат өтті», – деп жауап берді..
Ермек Сахариев