Милан Олимпиадасында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы алғашқы бәсеке өтті. Скиатлон бағдарламасында ұлттық құраманың екі спортшысы Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков бақ сынады. Әмірғали 45-ші, Наиль 49-орынды місе тұтты. Бұл сайыста атақты норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо топ жарды. Француз Матис Делож екінші келсе, үштікті тағы да норвегиялық Мартин Нюнгет түйіндеді.














