Шаңырақты сыйла, CNPS-AMC!

Шаңырақты сыйла, CNPS-AMC!

CNPC-AMC мекемесі – Ақтөбенің қақ ортасындағы көрікті де зәулім мекеме. Былайғы жұрттың оған кіріп-шығып жүргенін көрмейсің, қызметкерлерінен басқа. Жақында Ақтөбе теледидары осы қытай компаниясында жаңа жыл мерекесі аталып өткенін қуана хабарлады. Бұл мекеменің Ақтөбеде қызмет жасағанына 25 жыл болыпты. Елге қыруар инвестиция құйған көрінеді. Әйтсе де көңілімізде бір реніш қалды. Мекемені 10 жылдан аса басқарып, табысы мол, майлы кеміктің басын ұстаған Қытай азаматы құттықтауды қазақ тілінде жеткізбеді.

CNPC корпорациясы Қазақстанда: 24 жылдық бірлескен жұмыс

Қанша жыл тұрған жерге, елге құрмет көрсетіп, оның тілін игеруге талпынбады. Осыншама жылда 10 сөйлем үйренбеуін біздің ана тілімізді, халқын қорашсынғаны деп білеміз. Біз неге дәрменсізбіз? Тағы бір жанды ауыртқан жағдай осы CNPC-AMC қызметкері, мамандығы инженер қазақ қызы орыс тілінде сөйлеп, құттықтады. Бұндай қазақ тілін менсінбейтін, қазақ тілінде сөйлемейтін мекемені неге насихаттағаны? Бұны білетін, ескеріп, түсінік беретін адам бар ма? Ақтөбеде біз білетін бұрынғы теміржолшылардың санаторийі, мейрамханалардың маңдайшаларында жазулары қытай тілінде жазылған (біз түсінбедік, аудармасы жоқ). Мұндайлар толып жатыр. Бұлар қазақтың жұмыссыз ауыр жағдайда өмір сүріп отырғанын біліп, күліп отырғандай әсер қалдырды. Алайда облыста толып жатқан қазақ тілі қоғамы немен айналысады екен? Сөйлессең, дәрменсіз екендігін айтып ақталады. Осы қауқарсыз қоғам керек пе, сірә? Осындай әділетсіздікті көргенде сұрау салсаң, «сізден басқа ешкім қарсылық білдірген жоқ» деп кінәлай жауап қайтарады. Оянатын кез әлдеқашан келген жоқ па?

«Тәуелсіз ел болдық деп айта бермеу керек. Біз бір кезде тәуелді ел болғанымызды қайта-қайта еске түсіреді» дейтіндер бар. Дұрыс пікір. Сұрқия саясаттың нәтижесінде азап көргенімізді жасырмаймыз. Ендігі жерде бабаларымыздың намысқойлығы, еркіндігі бойымызға қайта келуі керек. Кез келген келімсек өз тілінде сөйлеп, ана тілімізді менсінбесе, шыдамның да шегі бар. Қазақ тілін білмесе, үйренгісі келмесе, онда оларға байлығымызды қолына ұстатқан жөн емес. Қанша жерден басы алтын болса да, өз жеріміздегі білімді азаматтарды танып, оларға қазба байлықтың құлағын ұстатқан жөн. Жаңадан сайланатын депутаттар қазақ тілін білмеген шетелдік азаматтарға тиесілі заң қабылдайды деп сенейік. 

Ермек Сахариев
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 673
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8820
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429