САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА 2 МЕДИЦИНА НЫСАНЫ, 1 СПОРТ КЕШЕНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА 2 МЕДИЦИНА НЫСАНЫ, 1 СПОРТ КЕШЕНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сарыағаш ауданына қарасты елді мекендерде әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев жаңа нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, мемлекет тарапынан денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салаларына әрқашан айрықша назар аударатынын айтты. Жаңа ғимараттардың ашылуымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жібек жолы ауылдық округі, Қарабау елді мекенінде және Жылға ауылдық округіне қарасты Шымырбай елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттер халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл фельдшерлік-акушерлік пункттер жергілікті тұрғындардың денсаулығын сақтау және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылған. Ғимараттарда учаскелік дәрігер бөлмесі, физиотерапиялық ем қабылдау, акушерлік пункт, тіркеу және егу бөлмесі бар. Қажетті құралдармен жабдықталған.
Осы күні Сарыағаш ауданына қарасты Қанағат елді мекенінде «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ашылды. Заманауи үлгіде салынған екі қабатты нысанның құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Жаңа ғимаратта 150 орындық концерттік зал, екі кітапхана және түрлі үйірме жұмыс істейді. Ал, кітапхана қорында 2 мыңнан астам кітап бар.
Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені ашылды. Құрама елді мекеніндегі жаңа ғимараттың құрылысын «КДСМ» ЖШС жүргізген. Спорт кешенінде волейбол, баскетбол, футзал, қол добы, күрес, бокс, дзюдо және басқа да жаттығу залдары және үстел теннисі бар. Мұнда бір уақытта 100-ден астам ауыл тұрғынының спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
31.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЧЕМПИОНДАР ДАЯРЛАЙДЫ
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 26.03.2025 88
Жүзге жуық жас өнерпаз бірігіп күй тартты
Аят БАТЕЙ, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті. - 25.03.2025 150

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3133
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3352
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18256
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16959
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20360