Сарысуда «Көктемгі кросс» аудандық марафоны өтті

Сарысуда «Көктемгі кросс» аудандық марафоны өтті
 

Бүгін Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай аудан 

тұрғындары арасында қашықтыққа жүгіруден дәстүрлі 

марафон өтті.

  • Спорттық іс-шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев бастаған мемқызметкелер мен жергілікті кәсіпорын және барлық мекеме мамандары қатысты.

Қатысушылар аудандық орталық алаңнан бастап, Жаңатас қаласының басты көшелерімен жалпы ұзындығы 3.5 шақырымды жүгіріп өтті.

Марафонның нәтижесі 25 жасқа дейінгі және одан жоғарғы жастағы азаматтар арасында сарапқа салынды. Мәреге алғаш жеткен үш үздікке алтын, күміс және қола медальдарын аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ, іс-шараға белсене атсалысқан «Ең жас спортшы» мен «Белсенді ардагерлер» арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
20.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20499
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19130
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22591