САРЫСУДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

САРЫСУДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ.
Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.
Жаңа жыл қарсаңында ауданда сауапты істер қарқын алуда.
Ауданда қайырымдылық шараларға ат салысып, елдің алғысына бөленіп жүрген «Сарысу Аманат» қайырымдылық қоры да Жаңа жыл қарсаңында осынау ізгілікке толы шарадан тыс қалмауда.
Бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінде «Сарысу Аманат» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтіп, Жаңатас қаласындағы 120 қоғамдық жұмысшыларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
29.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14331
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14260
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29403
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28039
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31570