САРЫСУДАҒЫ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

САРЫСУДАҒЫ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Бүгінде шаруа қожалықтарына тиесілі егіс алқаптарында қызу тірлік.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов және аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов шаруашылықтарда болып, көктемгі дала жұмыстарының барысын бақылап шықты.
Шаруашылық иелерімен кездесті. Егін егумен айналысып жатқан шаруа қожалық мүшелерімен сөйлесіп, қандай қажеттіліктер, нендей қиыншылықтар бар екенін, жанар-жағар маймен қамтамасыз етілу барысын сұрады. Техникалардың жағдайын көріп, дайындық барысына қанықты.
Биыл ауданда 24 500 гектар алқапта жаздық ауылшаруашылығы дақылдары орналастыру жоспарланған. Бұл өткен жылғы егістік алқабынан 271,5 гектарға артық.
Көктемгі дала жұмыстарына ауылшаруашылық техникаларының 510 данасы қатысуда. Оның ішінде 342 трактор, 45 дана соқа, 28 дана қопсытқыш, 85 дана дән сепкіш бар.
Жанар-жағар май шаруашылықтарға таратылып берілуде. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 780 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген болатын. Тарату бағасы 1 литріне 212 теңгеден.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Үмбетұлы бар мүмкіндіктерді қарастыра отырып, көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай аяқтау керектігін айтып, сала басшыларына жұмысты әрі қарай жандандыру мақсатында тапсырмалар берді.
10.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5191
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5351
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20316
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18952
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22416