Сарысулықтар алғыс айту күнін ерекше тойлады

Сарысулықтар алғыс айту күнін  ерекше тойлады
Сарысу ауданында 1 наурыз – Алғыс айту күнін тойлау күрд ұлты тығыз шоғырланған Арыстанды ауылынан басталды. Аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы бастаған аудандық ардагерлер Арыстанды ауылына барып, мектеп ауласына жастардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру мақсатында жеміс талдарын отырғызды.
Мерекелік кеш күрд этнос өкілдері қазақ еліне алғысын жеткізген театрландырылған қойылыммен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Арыстандықтарды құттықтаған аудан басшысы Алғыс айту күні біздің ортақ тарихымызға деген құрмет, мейірімділік пен достықтың мерекесі екенін атап өтті.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жұмаділдаев сөз сөйлеп, аудандағы бірліктің мығымдығын, тірліктің үйлесіп отырғанын жеткізді.
Ауыл ақсақалы Хамит Исмайлов кеңпейіл, дархан, құшағын ашып, бауырына басқан қазақ еліне үлкен алғысын жеткізді.
Шара мектеп оқушылары арасындағы интеллектуалды ойын, ауыл тұрғындарының қатысуымен спорттық сайыстарға ұласты.
Аудан әкімі М.Сұлтанғалиев ауылдың тірлігін ұйыстырып, бірлігін арттырып отырған, қазыналы қариялар Сулхадин Қасымов, Жангир Ибрагимов, Хамит Исмайловтың үйіне барып, арнайы құттықтады.
 
1 наурыз – Алғыс айту күні аудан орталығындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Шараны аудан әкімі М.Қырғызәліұлы этно-мәдени орталықтардың көрмесін тамашалаумен бастап, мәдени орталықтардың ұлттық тағамдарынан ауыз тиіп, жетекшілерімен әңгімелесті.
Салтанатты шараны аудан әкімі құттықтау сөзімен ашып «Алғыс айту − ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы.
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымының белгісі, адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналған күн.
Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді»−дей келе, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына атсалысып және төтенше жағдай кезінде тынымсыз еңбек еткен азаматтарды облыс әкімі Н.Нұржігітов пен аудан әкімінің Құрметжәне Алғыс хаттарымен марапаттады.
Алғыс айту күні театрландырылған қойылыммен басталып, аудандағы 7 этномәдени бірлестік өкілдерінің өнерлерімен ұштасып, мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған гала концертке ұласты.
 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
01.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 29
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1182
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7228
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11094
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7292
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7437