Сәуір болмай, тәуір болмас

Сәуір болмай, тәуір болмас

Көктемнің екінші айы да басталды. Халқымыз ежелден сәуір айын «көкек айы» деп атаған. Ал аңшылыққа байланысты сәуірді «Құралай айы» деп атауы бекер емес.

Әдетте ел-жұрт «Сәуір болмай, тәуір болмас» дейді. Мұнан басқа ауа райынан осы мезгілде әлі де жылылық сезіле қоймайтындықтан болар, «Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды» дегенді жиі естиміз.

Негізінен, көшпелі қазақ халқы шаруасының ыңғайына қарай қыстаудан ай аяқталмайынша көшпеген екен. Бұл сәуірде күннің құбылмалы болатынын, әлде де ызғарлы боран мен қар жауып кететінінен сақтанғандықтан болар. Дегенмен сәуірде жауған жаңбырды өткізіп, оның аяғы көк шығып, әрі ауа райының жылына түсетінін күтіп, табиғаттың әрбір мінезін жақсылыққа болжаған. Бұрынғының адамдары ай атауларын табиғи құбы­лыстарға байланыстырып атаған. Мәселен, тоқпан, отамалы, отжақпас, арша деп аталатын ай атауларын қазір ешкім қолдана бермейді. Сәуірді «саратан» дейтін қазақтар да қазір некен-саяқ. Ал еліміз Тәуелсіздік алғанға дейін сәуір айын «көкек» деп атағанымыз күні кешегідей есімізде. Мектепте ұстаздарымыз бұлай аталуының себебін көкек атты құспен байланыстыратын. Көктемнің жаршысы ретінде құс­тың көктемді шақырған үні айға осындай атау берсе керек. Көкек деп аталатын құсты жағымсыз сипатта, өз атын өзі шақыратын құс деп айтылатындықтан, ай ата­уын сәуірмен ауыстырылуы да бірден-бір себеп болса керек. Қазіргі күнтізбеде сәуір деп аталатын айдың мағынасы араб сөзінен шыққан. Яғни арабша сәуір «өгіз» деген ма­ғынаны білдіреді. Ал «өгіз» жұлдызнама бойынша айдың аты екені белгілі. Көктемде болатын табиғи құбылыстарға келетін болсақ, ежелден ата-бабамыз амал деген сөзді қолданған. Ал амал дегеніміз – жыл сайын белгілі бір уақытта қайталатып келетін табиғи құбылыс. Ызғарлы аяз, жауын-шашын, боран мұның барлығы – амалдың белгілері.

Жыл бойы ай сайын келетін амалға атау беріп, ауа ра­йын алдын ала болжап, соған орай шаруаларын күйттеген. Наурыз айының соңына таман жауған қарды «өліара» деген. Себебі жауған қар тез еріп, аяғы жаңбырға ұласады. Осы жауған қарды «құсқанаты» деп атаған. Ал наурыз айы­ның ортасында болатын қара суық тым жайсыз болады.

Жұлдызшылардың есебінше, жаңа айдың туылуы айдың ортасына тұспа-тұс келеді. Сәуір келгенде күн күркірейді. Онан бірер күн өткен соң қайта жаңбыр жауып, қара суық болады. Осы қара суық пен жауын-шашыннан соң ағаштар бүршік жара бастайды. Алғашқы көк шығып, өсімдіктер көк­теп, тамыры жайылады.

Ал сәуір айын «құралай» деп атауының да өз себебі бар. Өте киелі санайтын жануардың атымен атау – айдың аяғына таман құралай төлдеп, лақтары жауынға қарсы жүріп, тез қатайып кетеді дейді аңшылар. Осы айда жаңбырдың көп түсуі егін бітік шығып, көк шөп мол болады деп ырымдаған.

Жыл сайын сәуір айында бес қонақ амалы өтетінін бі­леміз. Жауын-шашын әрі суық желден сақтанатын халқы­мыз осы мезгілге ерекше мән беріп, күтінген. Қанша жерден күн жылынса да, осы бес күндік амал өтпейінше малшылар жайлауға көшпей күткен.

Сонымен қатар сәуір айында болатын аспанды тілгілеп өтетін қатты нөсерлі найзағайды «Қызыр қамшысы» деп атаған. Жаздың жайлы күндерінің бастауы ретінде най­зағайдан соң жер бусанып, күн көзі нұрын шашады. Қазақ халқы осы амал туралы «Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп есептеп, алаңсыз шаруасын дөңгелетуге кіріскен.

Міне, «Сәуір болмай, тәуір болмайдыны» ақырын күткен халқымыз айдың соңына дейін табиғат құбылыстарына барынша сақ болып, қыстың ызғарын амалдап шығарып салып отырған.

 

06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 102
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 98
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 102
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 296
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 290
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 912

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8380
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11605
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9363
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10589